No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда қатынасы $4 млрд-тан асты

22.12.2022
Жаңалықтар
2
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

2022 жылдың 10 айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда қатынасы $4,1 млрд-ты құрап, 35%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 2022 жылғы 21 желтоқсанда Ташкентте өткен 4-ші өңіраралық өзбек-қазақ бизнес-форумы барысында хабарлады.

 

Форум пленарлық отырыспен ашылды. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаевтың қатысты.

 

«Өзбекстан – Орталық Азиядағы басты және ұзақ мерзімді серіктес. Біздің достық қарым-қатынасымыздың локомотиві – елдер арасындағы өзара дамып келе жатқан сауда. Қазақстан Орталық Азия трегінде бірлескен қызметті дамытуға аса мән береді. Форумды өткізу – өңірлік кооперацияны дамытудың және әлемдік нарықта Орталық Азия брендін қалыптастырудың маңыздылығының тағы бір дәлелі», — деді Серік Жұманғарин.

 

Өз кезегінде Жамшид Ходжаев халықаралық нарыққа бірлесіп шығуға қосылған құны жоғары өнімді шығару үшін өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, басымдықтар негізінде жоғары технологиялық өндірістер құру жөніндегі күш-жігерді біріктіру аса маңызды екенін атап өтті.

 

«Бірлескен өзара тиімді жобаларды одан әрі ұлғайтудың әлеуеті мол. Ол үшін қажетті ресурстардың бәрі бар – өндірістік, технологиялық, кадрлық және табиғи ресурстар. Ұйымдасқан, бірлескен жұмыс арқылы біз өзбек-қазақ серіктестігін сапалы жаңа деңгейге шығара алатынымызға сенімдімін», — деді Өзбекстанның вице-премьері.

 

Қазіргі уақытта Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің 2021 жылғы желтоқсандағы Қазақстанға мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша екі ел үкіметтерінің алдында сауда көлемін $10 млрд-қа дейін жеткізу міндеті тұр. «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру жобасы аталмыш көрсеткішке қол жеткізу жөніндегі практикалық іс-қимыл жоспарының негізгі элементі. Оның мақсаты – үшінші елдердің нарықтарына экспорттауға арналған бірлескен өнім жасау үшін «Солтүстік-Оңтүстік» Орталық Азия экономикалық дәлізінің негізгі алаңына айналу.

 

Екі ел арасындағы өнеркәсіптік кооперация шеңберінде жалпы сомасы $2,2 млрд-қа 38 астам жоба жоспарланған, 11 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Соның ішінде 10 бірлескен жоба іске асырылды, оның жартысы Қазақстан аумағында. Қалғаны бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

 

Форумда сөз сөйлеген Серік Жұманғарин екі елдің экономикасына тартылатын шетелдік инвестициялардың ерекше рөлін атап  өтті. 2005 жылдан бастап 2022 жылдың екінші тоқсанына дейін Өзбекстаннан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $22,7 млн-ды құрады, бұл ретте Өзбекстан экономикасына құйылған қазақстандық инвестиция көлемі осы кезеңде $560 млн-ды құрады.

«Әр ел экономикасының шағын көлемін жеке ескере отырып, Орталық Азия өңірі халықаралық капиталды тарту мәселелерінде біртұтас аймақ болуы тиіс деп санаймын. Ол үшін Қазақстанда «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңын, инвестициялық преференцияларды қамтитын барлық қажетті инфрақұрылым құрылды. Біз инвесторлар үшін қақпа болуға дайынбыз», — деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-сауда және интеграция министрі бизнес-форумға қатысушыларға.

 

Сондай-ақ ол Қазақстан қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыратынын атап өтіп, өзбек компанияларын бірлескен жобаларды іске асыруға қатысуға шақырды.

 

Бизнес-форумның қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин мен Жамшид Ходжаев екі елдің уәкілетті органдары басшыларының қатысуымен екіжақты кездесу өткізді, онда экономиканың түрлі секторларындағы ынтымақтастықтың жекелеген мәселелері егжей-тегжейлі пысықталды.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Салық төлеушілерге арналған қосымшалар туралы білесіз бе?

01.10.2022

Қазақстанда ірімшік бағасы 31,4%-ға өсті

07.11.2022

Алматы облысында жастар «Балық мектебінен» тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар

23.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа