No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаңтар айында Қазақстан экономикасы 5,6%-ға өсті

ҚР Ұлттық экономика министрлігі мәліметінше, осы жылдың қаңтар айында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5,6%-ды құрады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

15.02.2023
Жаңалықтар
42
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қаңтар айының нәтижесі бойынша экономиканың барлық негізгі салаларында оң динамика байқалған және сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ құрылыс салалары ең жоғарғы өсуді көрсеткен.

Қазақстан бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 18,3%-ға өскен. Нақты айтқанда, инвестициялар ағыны өнеркәсіпте – 9,2%-ға, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 12,6%-ға, сондай-ақ ауыл шаруашылығында – 33,7%-ға, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 33,7%-ға, көлікте және қоймалауда – 31,8%-ға ұлғайған.

Жыл басынан бері сыртқы сауда тауар айналымы 19,7 млрд долларға жетті: 2021  жылғы 12 мамыр, 09:25 - inform.kz жаңалықтары

Сондай-ақ, алдын ала қорытынды бойынша 2022 жылы сыртқы сауда тауар айналымы 32,1%-ке өсіп, 134,4 млрд. долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 39,9%-ке өсіп, 84,4 млрд. долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 33,6%-ке ұлғайып, 26,5 млрд. доллар құрағанын ерекше айтып өтуге болады. Тауарлар импорты 50 млрд. долларға тең. Жалпы, оң сауда балансы 34,4 млрд. долларды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу қарқыны сақталған. Өндіріс көлемі 1,6%-ға өсті. Оң өсім 14 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсім Қызылорда, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Өңдеу өнеркәсібі салалары бөлінісінде машина жасау өндірісі 12,1%-ға, оның ішінде автомобиль жасау – 27,5%-ға, компьютерлер мен жабдықтар жасау – 29,6%-ға өскен.

Сондай-ақ өсу келесі салаларда байқалып отыр: азық-түлік өндірісі – 9,8%, мұнай өңдеу өнімдері – 11,1%, химия өнеркәсібі – 10,6%, сусындар өндірісі – 33,2%, фармацевтика өндірісі – 51%, жеңіл өнеркәсібі – 11,3%.

Бұл ретте көмір өндіруді қоспағанда, өндіріс барлық көрсеткіштер бойынша өсім тіркелді. Атап айтқанда, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру 7,6%-ке, металл кендерін өндіру – 3,7%-ке, мұнай өндіру – 1%-ке, газ өндіру – 0,1%-ке, тау-кен өнеркәсібіндегі қызмет көрсету – 0,2%-ке ұлғайды.

Сонымен қатар, жыл басында құрылыс саласында оң өсім көрінген. Биыл қаңтар айында 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 39,6%-ке артық. Ең жоғарғы көрсеткіштер Алматы және Атырау облыстарында, Алматы және Астана қалаларында байқалды.

Жалпы қаңтар айының қорытындысы бойынша негізі 7 экономикалық көрсеткіштің барлығында оң өсім тек 2 өңірде – Қостанай облысында және Алматы қаласында байқалған.

6 көрсеткіш бойынша өсім 10 өңірде тіркелді. Бұл Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана, Шымкент қалалары.

5 көрсеткіш бойынша оң өсім 6 өңірде – Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалды.

Қарағанды облысы 4 көрсеткіш бойынша өсім көрсетті.

Абай облысында тек 3 көрсеткіш бойынша оң динамика тіркелді.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

7 пайыздық несие: «Өнеркәсіпті қолдау қоры» АҚ өңдеу өнеркәсібін қаржыландырады

28.11.2022

Текелі тау-кен комбинатында жұмысшылар саны 2000 адамға артпақ

14.07.2022

Ақша жинауға көмектесетін 10 кеңес

24.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа