No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаңтар айында жұмыс іздеушілер үш есе көбейді

Биыл қаңтарда Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі – ЭЕБ) 87,3 мың бос жұмыс орны және 134,5 мың түйіндеме орналастырылды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

20.02.2023
Жаңалықтар
37
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Осы жылдың алғашқы айында 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда жұмыс іздеушілер үш есе көбейген (+97,9 мың түйіндеме). Ал жұмыс берушілер тарапынан керісінше кадрларға қажеттілік 18%-ға азайды (-18,7 мың бос жұмыс орны).

Жалпы қаңтар айында ең сұранысқа ие мамандықтар – білім беру және тәрбие (12,5 мың), өндіріс (8,4 мың), сондай-ақ медицина және фармацевтика (7,1 мың) қызметкерлері болды.

«Жарияланған түйіндемелер мен бос жұмыс орындарының санындағы мұндай елеулі ауытқулар маусымдық үрдісті көрсетеді – жыл басында әдетте жұмыс іздеу күшейіп, жаңа кадрларды іздеу белсенділігі төмендейді. Айта кеткен жөн, бос жұмыс орындары азайған басты аймақтар Түркістан (15,3 мыңнан 7,6 мыңға дейін) және Алматы облыстары (10,6 мыңнан 3,5 мыңға дейін) болды», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Стратегия департаментінің директоры Ұлпан Шегенова.

Бос жұмыс орындары санының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, Түркістан облысы еліміздегі жаңа мамандарды қажет ететін басты өңір болып қала береді. Бұл ретте Батыс Қазақстан (+1,5 мың) және Қостанай облыстарында (+1,4 мың), сондай-ақ Шымкент қаласында (+1,1 мың) бос жұмыс орындары көбейген.

Сондай-ақ, қаңтар айында жұмыс іздеп, Электрондық еңбек биржасында өз резюмесін қалдыратын адамдар көбейген. Мәселен, Түркістан облысының тұрғындары былтыр желтоқсан айында 3,3 мың өтініш жіберсе, қаңтарда резюме қалдырушылар саны 30 мыңға дейін өскен. Дәл осындай жағдай Қызылорда облысы (желтоқсанда 2 мыңнан қаңтарда 14,2 мыңға дейін) және Алматы қаласында (желтоқсанда 3,4 мыңнан қаңтарда 10,5 мыңға дейін) байқалады.

Айта кеткен жөн, биыл қаңтар айында білімді мамандарға сұраныс 25,7 мыңнан 21,6 мыңға дейін төмендеген. Ал жоғары білікті қызметкерлерге сұраныс, керісінше, 5,9 мыңнан 21,1 мыңға дейін өскен.

«Қаңтар айында жоғары білікті кадрларға сұраныстың артып, біліктілігі жоқ кадрларға сұраныстың қысқаруы байқалады», – деп атап өтті Ұлпан Шегенова.

Жұмыс іздеушілер арасында әйелдер ЭЕБ-да белсенділік танытып, қаңтар айында барлық түйіндемелердің 55%-ын құрады. Сонымен қатар, ЭЕБ-да түйіндемелердің 42%-ы 16-35 жас аралығындағы жастар санаты. Жас жұмыс іздеушілер негізінен Түркістан (23%), Қызылорда (10%) және Маңғыстау (8%) облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының (8%) тұрғындары.

Сонымен қатар, осы жылдың қаңтар айында жоғары білікті мамандықтардың ішінде барлық профильдегі дәрігерлер (1893 бос жұмыс орны және 449 түйіндеме), жылжымайтын мүлік агенттері (872 бос жұмыс орны және 45 түйіндеме) және мейірбике қызметкерлері (1524 бос жұмыс орны және 727 түйіндеме) айтарлықтай тапшылықта болды. Қостанай (10 түйіндемеге 243 бос жұмыс орны), Ақмола (10 түйіндемеге 154 бос жұмыс орны) және Батыс Қазақстан облыстарында (5 түйіндемеге 140 бос жұмыс орны) жоғары білікті денсаулық сақтау кадрларының көпшілігі жетіспеді.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

2023 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың II кезеңі басталады

20.12.2022

Алматы облысында тұрмыстық техника зауыты салынады

28.09.2022

Алматы облысында бакалея өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін Үкіметтен 1 млрд теңге бөлінді

31.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа