No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Тыйым” салынған электронды темекі Қарасай ауданында шығарылады

30.05.2023
Жаңалықтар, Kazbusiness
19
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Тыйым салынып, сатылымнан алып тастауға ұсыныс түскен электронды темекі өнімдерін Қарасай ауданында шығару қолға алынбақ. Бұл туралы облыс басшысының өңірге жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп жазады kazbusiness.kz тілшісі.

Елтай ауылдық округіне қарасты Көкөзек ауылында салынатын зауыт жоспарын “КТ&G” ЖШС ұсынған. Аталмыш кәсіпорын қарапайым және электронды темекі өнімдерін шығаруды қолға алады. Тіпті облыс әкімі Марат Елеусізұлы жұмыс сапарымен барып, құрылыс жұмыстарымен де танысып қайтқан. Осы ретте “тыйымды” облыс әкімдігі де қолдап отырғаны емес пе?

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба құны – 200 миллион доллар. Жоба инвестициялық қаржы есебінен іске асады. Өндіріс қуаты – жылына 108 миллион дайын өнім. Одан бөлек жоба барысында 500 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Айта кетейік, Жақында ҚР Парламенті Мәжілісінің кезекті отырысында депутат Нүргүл Тау жастар арасында “вейп” атымен танымал электронды темекілердің жаппай таралуына және қолданылуына тыйым салу мәселесін көтерген еді.

Депутаттық сауалды жолдауға “Respublica” партиясына ата-аналар қауымынан түскен өтініштері себеп болған.

“Денсаулық сақтау саласы сарапшыларының айтуы бойынша электронды темекі құрамында никотин, көмірқышқыл газы, көміртек тотығы, көгеретін қышқыл, аммиак, шайырлы заттар, органикалық қышқылдар сияқты 30-дан астам улы зат бар. Электронды темекі адам өкпесін ірітіп жібереді” – деді депутат.

Оның айтуынша, елімізде электронды темекі бұйымдарын бақылаусыз сатуға байланысты оны қолдану жағдайы жоғары. Ол барлық сауда орындарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы қолжетімді бағада сатылады. Бағасы орташа есеппен 2000 теңгеден аспайды.

Нақты деректерге сүйенсек, дәл осы электронды темекінің кесірінен елімізде жылына 18 000 адам көз жұмады екен. Қазіргі таңда әлемнің 32 елінде  сатуға тыйым салған.

Айтпағымыз, депутаттық сауал мемлекет тарапынан қолдау табуы бек мүмкін. Өз кезегінде Қарасай ауданы “тыйымды” елемей, болашаққа жоспар құруы қалай деген сұрақ туындары заңды. Тыйым болмаған күннің өзінде құрамында денсаулыққа зиянды заттар жетіп артылатын темекі өндірісін дамытуға үлес қосқаны ма?..

Байланысты Материалдар

NVIDIA-да $ 6,3b долларымен қорық қоры – Инвестопедия

17.09.2025

NVIDIA-да $ 6,3b долларымен қорық қоры – Инвестопедия

17.09.2025

Неліктен Трамп компаниялардың пайда табуын қалайды – NPR

17.09.2025

Монте Розаның қоры (желім) Skyrockets-ті Novartis – Tipranks-пен 5,7 млрд

17.09.2025

Неліктен Трамп компаниялардың пайда табуын қалайды – NPR

17.09.2025

NVIDIA, TESLA, Texas аспаптары, Oracle, Coryweve, Gemini ғарыш станциясы және басқа да көліктер – Баррон

17.09.2025

Ұсынылатын материалдар

«Баға шарықтап өсуде» – Тоқаев

13.12.2022

S & P 500, NASDAQ Екі таңбалы жазбалар Жабу Жабу Жабу Жабу «CNBC» инфляциялық есеппен жасыл жарық береді – CNBC

14.08.2025

2023 жылдан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкалары кезең-кезеңімен өседі

09.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа