No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарасай ауданында 15 млн теңгеге жеке тұлғаға сатылған мектеп мемлекетке қайтарылды

Облыс әкімінің айтуынша, білім ордасы 8 маусымда алған адам өз еркімен мектепті мемлекетке қайтарды

15.06.2023
Жаңалықтар, Kazbusiness
55
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысында жеке тұлғаға 15 млн теңгеге  сатылып кеткен мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.

Облыс әкімі білім ордасының 8 маусым күні мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді. Айтуынша, облыс бойынша мектеп тапшылығы бар. Үш ауысымды мектептер саны да азаймай тұр.

“Бізде үш ауысымды 51 мектеп бар. Нақты осы мектеп (сатылған – авт.) туралы айтсақ, біраз соттастық. 8 маусымда алған адам өз еркімен мектепті үкіметке қайтарып берді”, – деді облыс басшысы ОКҚ-да өткен брифингте.

Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысында толық күрделі жөндеуден өткен мектеп ғимараты 15 млн теңгеге сатылып кеткенін айтқан болатын. Депутат білім ордасын екі ай ішінде қайтаруды талап етті.

“Өткен аптада Алматы өңіріне барып келдім. Мектеп туралы айтып жатсыздар. Мен сіздерге бір сұмдықты айтайын. Біз бар мектептің өзін сатып жатырмыз. Мәселен, Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында Ломоносов атындағы 250 орынға арналған орта мектеп болған. Соңғы жылдары толық күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан спорт зал салынып, нысан пайдалануға берілді”, – деді депутат.

Айтуынша, мектепті әкімдік сатқан. Осы туралы білгеннен кейін прокуратураға айтылды. Бұл туралы халық қалаулысы:

“Барлық ауыл баласы қуанып жүргенде, ауыл мектебін жекеге сатып жіберген. Оны әкімдіктен басқа кім сатады? Оны 15 млн теңгеге сатқан. Прокуратураға “Қайда қарап отырсыңдар?” деп айттық. Олар сот шағымын қабылдамайтынын, шамасы жетпейтінін айтып отыр”, – деді депутат Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Одан бөлек Қарасай ауданында мектепті қай әкімнің жеке тұлғаға сатқаны анықталды. Ресми құжаттарға сәйкес, төлемшінің аты-жөні Шерхан Әлібекұлы делінген. Өз кезегінде мемлекеттік нысанды Қарасай тұрғын үй құрылысы деген компания сатып алған. Шерхан Әлібекұлы деген азаматтың ЖСН-ына қарағанда ол 1998 жылы туған азамат.

Байланысты Материалдар

Dow 300 ұпайға түседі, өйткені Трамп ЕО мен Apple-ге қарсы жаңа тарифтерге қауіп төндіреді: Live жаңартулары – CNBC

24.05.2025

Эксклюзивті |Үлкен банктер крипто әлеміне вентингке кіреді

24.05.2025

Ұлыбританияның сауда сатылымы сәуір айында 1,2% -ға өсті – ұрып-соғу – CNBC

24.05.2025

Инвесторлар АҚШ-тың облигациялар нарығынан бастап Дональд Трамптың саясатына деген қорқыныштан аулақ болады – Financial Times

24.05.2025

Bitcoin ашық қызығушылық танытады, биіктігі жоғары, өйткені BTC слиптері $ 111K – Кокинтелрофа

24.05.2025

Эксклюзивті |Ол «ERAS» турнирі жабылды.Қазір бұл 1 миллиард доллардан асады.- WSJ

22.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қандай инвестициялық құралдар бар?

23.01.2023

“Әлеуметтік желі – қауіпті үрдіс”: Тоқаев жас ұрпақ тәрбиесі туралы айтты

17.06.2023

Люкс Кармайкер Феррари У.С. ескертеді.

07.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа