No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарасай ауданының архитектурасы, жер қатынастары, АХАЖ ғимараты күлге айналды

08.06.2023
Жаңалықтар, Kazbusiness
1.7k
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бүгін Қаскелең қаласындағы Абылай хан және Байғазиев көшесінің қиылысында орналасқан АХАЖ, сәулет, қала-құрылысы, жер қатынастары бөлімдерінің ғимараттары өртке оранды, деп жазады kazbusiness.kz тілшісі.

Өрт 14:30 шамасында, Абылай хан көшесі бойында орналасқан “Кристал” дәмханасының әжетханасынан бастау алды деген болжам бар. Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндірушілер бір сағатқа кешігіп келген. Тіпті кейбір адамдар су да болмады деп айтуда.

Kazbusiness.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына арнайы барды.

Төтенше жағдай салдарынан аталған әлеуметтік нысандар құжаттары толығымен жойылды.

“Өрт дәмхананың әжетханасынан басталды. Соның артында ЗАГС, жер қатынастарының ғимараты орналасқан. Ғимарат толықтай өрт астында қалды. Өртті байқаған бетте бірден өрт сөндіру қызметіне хабарластық. Алайда олар бір сағат кешігіп келді. Сағат кешкі 17.00 болса да, қызыл жалын әлі толық сөндірілген жоқ”, – дейді куәгерлер.

https://kazbusiness.kz/wp-content/uploads/2023/06/whatsapp-video-2023-06-08-at-16.44.39.mp4

Тұрғындар өрт сөндіру қызметкерлеріне наразылықтарын білдіруде. Төтенше жағдайлар бөлімінің ғимараты оқиға орынына жақын жерде орналасқан. Айтуларынша, бір сағат жүріп келетіндей жер емес.

“Өрт сөндірушілер кешігіп келмегенде нысан жанындағы тұрғындардың үйлерін сақтап қалуға болатын еді. Алыс емес, таяқ тастам жер ғой”, – деп наразылығын білдірді Айдар есімді куәгер.

Айта кетейік, Абылай хан және Байғазиев көшесі қиылысының бойында әлеуметтік маңызды нысандар орналасқан. Бір-біріне тығыз орналасқан ғимараттардан бөлек, тұрғындардың үйі және тұрғын жайларын да өрт шалды.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, АХАЖ бөлімінің құжаттарын, архитектура бөлімі қызметкерлері компютерлерін шығарып үлгерген. Десе де, генжоба, ресми құжаттардың көбі күлге айналды.

Еске салсақ, Қарасай ауданында бұған дейін де жер дауы мен заңсыз құрылыс дауы ушығып тұрған еді.

Байланысты Материалдар

New Tesla vehicles are loaded on a car carrier in New York City, U.S., April 26, 2024. REUTERS/Mike Segar/File Photo

Tesla кафедрасы мускус саясатынан босатады.

14.09.2025

Тесланың өсіп келе жатқан қоры 2025 жылға арналған үзіліске қарай жылжуда. Міне, неге.- Инвестопедия

14.09.2025

RFK JR.-нің CDC және RPI аутизм мен вакциналар арасындағы келіспейтін сілтемені осьоздармен танысады

14.09.2025

Бүгінгі таңда қор биржасы: Big Tech S & P 500 және NASDAQ DOW шегіну кезінде;U.s. Акциялар апталығы бойынша акциялар – MarketWatch

14.09.2025

Ашық және Microsoft корпорациясы серіктестік шарттарын қайта қарау үшін алдын-ала келісімге келді – Ars Technica

13.09.2025

Дональд Трамп апелляциялық сот тарапынан келесі аптаның федерациясының жиналысына дейін – Finance Times

13.09.2025

Ұсынылатын материалдар

Apple Ups u кеңейтеді. Американдық сирек кездесетін жер магниттеріне 500 миллион долларлық жеткізілім тізбегін кеңейтеді – Apple

16.07.2025

Ерлі-зайыптылар анниутитеті туралы білесіз бе?

20.01.2023

«Ұлттық қор – балаларға»: Ақшаны 16 жасқа толғаннан кейін алуға бола ма?

14.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа