No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарашада азық-түлікке жатпайтын тауар бағасы 1,6 пайызға өсті

01.12.2022
Жаңалықтар, Әлеумет
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Елімізде қант 70 пайызға қымбаттаған. 2022 жылдың қазанмен салыстырғанда қарашада азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 1,6% өсті, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпараттық агенттігі.

Қараша айында айлық инфляция қазанмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 1,4% құрады. Қазанға қарағанда өткен айда азық-түлік тауарлары 1,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,6%-ға, ал ақылы қызметтер 0,8%-ға қымбаттады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, азық-түлік тауарларының ішінде қияр – 41,5%, қызанақ – 26,1%, жұмыртқа – 6,7%, пияз – 5,9%, күріш – 3,5%, қаймақ – 3,4%, жаңа піскен жеміс – 3%, тұздалған майшабақ – 2,7%, айран – 2,5%, сүт – 2,4%, кондитерлік өнімдер – 1,6%, ірімшік және сүзбе 1,5% қымбаттады.

Сәбіз – 2,9%, құмшекер 1,9% арзандады.

2022 жылдың қазанмен салыстырғанда қарашада азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 1,6% өсті.

Дизель отыны – 13,9%, тас көмір – 2,6%, ағаш отыны 1,6% қымбаттады.

Жуу және тазалау құралдарының бағасы 4,1%, жеке пайдаланылатын тауарлардікі – 2,8%, киім және аяқкиім, ыдыс, тоқыма бұйымдары 1,6% өсті.

Ақылы қызметтердің баға деңгейі өткен айда 0,8% өсті.

Бағаның өсуі қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 2,7%, монша қызметтеріне – 1,9%, шаштараз бен сұлулық салондары қызметтеріне – 1,8%, денсаулық сақтау, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 1,7%, қонақ үй қызметтеріне 1% құрады.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

TikTok Қазақстанда цифрлық сауаттылық туралы науқанды бастайды

28.11.2022

Премьер-министр Әлихан Смайылов Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа өндірістік және әлеуметтік нысандар құрылысының барысымен танысты

13.08.2022

Тұтынушылар “Wildberries” ЖШС үстінен шағым түсіруде

04.10.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа