No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаржы алаяқтары туралы нені білу керек?

25.01.2023
Жаңалықтар, Керек-дерек
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Әлеуметтік желіде бейтаныс адамдар, кейде таныс-туыстарымыздан алданып, ақшасынан айырылып қалғаны туралы жиі еститін болдық. Қаржы алаяқтары бұрын да бар болатын. Алайда соңғы 3 жылда жиіледі. Әрі көпшілігі онлайн және телефонның көмегімен арқылы жасалады. Қазақстанда қаржы алаяқтары қоңырау шалып, үрейін ұшырмаған адам қалмаған сияқты. Статистика өсіп барады.

ҚР ІІМ мәліметінше 2020 жылы қаржы алаяқтары интернет арқылы жасаған 14 мың қылмыс тіркелген. 2021 жылы 21 мыңға жетті. Сол тұста ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының м.а Рүстем Дүйсетаевтың айтуынша интернет арқылы жасалған қылмыстың көпшілігі тауар ақысын алдын-ала алу мен хабарландыру арқылы қызмет көрсетуге қатысты болған. Яғни, пәтер жалға беру, хабарландыру сайттары арқылы зат сату сынды қызметтерді ұсынып, ақысының белгілі бір бөлігін алдын-ала алып, із жасырады. Әдетте жалға берілетін пәтер де, сатылатын зат та арзан болады. 2021 жылы арзанға қызығып, опық жеген адам саны 8200-ді құраған. Одан кейінгі орында микронесие беруші ұйымдар арқылы онлайн несие рәсімдеу, телефон арқылы банктік деректерін алып, қаражат ұрлау, одан кейінгі орында түрлі жоба, ойын, инвестициялық жобаларға ақша салдыруға қатысты алаяқтық. Биыл қаржы алаяқтарының тәсілдері өзгеріп, тіпті балаларды да алдауға көшкен. Әрі көбейе түскені байқалады. Тіпті бұған Президент те назар аударып, «қаржы пирамидалары және интернет алаяқтарымен күресті күшейту керек», деді.

Бейресми деректерге сүйенсек,  алаяқтардың көпшілігі шетелдіктер. Оның ішінде Ресей мен украиналықтар көп дейді, мамандар. Бұл елдерде алаяқтар тіпті арнайы компаниялар құрып тастаған. Ол жерде деректерді іздеумен айналысатын кәсіби IT маманы, арнайы Call-орталықтар жұмыс істейтін көрінеді. Оларға ІТ сауаты төмен, жеке деректері интернет бетінде ашық-шашық тарап жататын посткеңестік елдердің азаматтары туралы деректерді тауып, оларды алдап түсіру қиын емес. Олардың көпшілігі телефон арқылы алдау мен интернет сайттар арқылы тонауға машықтанған. Көпшілігі қазақша білмейтіні, «тэнге» деген сияқты славян ұлттарына тән акцентпен бұрмалап сөйлейтіні соның айғағы. Алайда қаржы алақтарының қатрында отандастарымыз да бар. Мәселен жақында полиция Алматы, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында алаяқтық әрекет жасаумен айналысқан, 8 адамдық қылмыстық топты қолға түсірді. Олардан 17 ұялы телефон, бөгде адамдарға тіркелген 15 абоненттік нөмір, 60 адамның аты-жөні мен, ИИН нөмірі мен алаяқтық әрекеттен түскен табыстары  тіркелген қойындәптер табылған. Мұндай оқиғаларды қазір күнде естуге болады. Өкінішке қарай мұндай қылмыстардың ашылуы ұзақ, кеткен қаражаттың қайтуы қиын. Сондықтан, адамдарға қаржылық, ақпараттық сауатты арттырып, алаяқтардан барынша сақ болу маңызды.

Нені білу керек?

  1. ҚР Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, банктер, қаржы сарапшылары, ІІМ ресми ресурстарын, әлеуметтік желідегі парақшаларындағы ақпараттарды мұқият оқып жүріңіз. Қазір алаяқтар қаржы ұйымдарының сайттарының баламасын жасап, жеке деректерді ұрлайды. Сондықтан ең алдымен сайттардың, әлеуметтік желідегі парақшалардың түпнұсқа екендігіне көз жеткізіп алыңыз. Алаяқтар әдетте ресми сайттың атауына шетелдік com, org, ресми атауға бір әріп қосылған домендік атауларды пайдаланады. Әлеуметтік желіде қаржы ұйымдарының көпшілігінде ресми көк белгі бар. Соған назар аударыңыз және міндетті түрде Call-орталықтарына хабарласып, ресми аккаунт екеніне көз жеткізіңіз. Қазір ҚР Ұлттық банк бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, банктердің барлығы қаржылық сауаттылыққа мән береді. Осы бағыттағы ақпараттарды жиі таратады. Мысалы: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz жобасында күн сайын алақятардан қалай қорғануға болады, қаржылық сауатты қалай арттыру керектігі туралы тамаша мәліметтер жарияланады. Міндетті түрде оқыңыз.
  2. Сайттарда, әлеуметтік желіде немесе почтаңызға келген жеңіл, жылдам табыс табуға шақырған сілтемелерге өтпеңіз. Жеке деректеріңізді мессенджер арқылы жібермеңіз.
  3. Жеке шотыңыздың, картаңыздағы деректерді, түрлі төлем түбіртектерін, ұялы телефоныңызға келген смс-кодтарды ешкімге бермеңіз.
  4. Қосымшаларды App store, Play market -тен ғана жүктеп алуға тырысыңыз. Алайда алаяқтар кейде бұларды да пайдалануы мүмкін. Жақында ІІМ TeamViewer, AnyDesk бағдарламаларын орнатуды сұраса, бас тартыңыз деген хабарлама таратты. Бұл арқылы алаяқтар сіздің телефон, компьютьеріңізді қашықтықтан басқарып, қаражатыңызды жымқыруы мүмкін. Киберқылмыскерге сіздің телефоныңыздағы барлық деректерді көшіріп алу үшін санаулы секундтар жеткілікті.
  5. Банктерден, полициядан, прокуратурадан, салық органдарынан үрейлі дауыспен қоңырау шалып, қылмыстық іс қозғалғаны туралы айтып бастап, артынан жеке деректеріңізді сұрай бастаса сенбеңіз, телефонды тастап, нөмірді блоктау жүйкеңізді де, ақшаңызды да сақтайды. Соңғы кезде алаяқтар мұны жиі қолданып жүр.  Банкке де, құқық қорғау органдарына да жеке деректеріңізді телефон арқылы мақұлдау керек емес.
  6. Түрлі хабарландыру сайттарында зат сататын болсаңыз, алдын-ала төлем жіберемін дегендерге сенбеңіз. Жақында Сәуле Е.есімді алматылық Olx арқылы ноутбугын сатпақшы болған. Басқа қаладан сатып алушы хабарласып, курьер жіберетінін, төлемді Қазпошта арқылы жасайтынын айтып, сілтеме жіберген. Сілтеме бойынша барлық деректерді толтырғаннан кейін, сайт картаның өтпейтінін айтып, басқасын енгізуді сұрайды. Сонымен бірге оның телефонына ақша алынғаны туралы хабарлама келе бастайды. «Бәрі шынайы сияқты. Адам да нағыз сатып алушы, сілтеме де. Соңында өзім төлем жасап, CVC кодты енгізген болып шықтым. Менен бар болғаны 6900 теңге алып үлгерді», дейді Сәуле. Мұндай жағдай өте жиі кездеседі. Сондықтан абай болыңыз.
  7. Былтыр алаяқтар банк менеджері болып қоңырау шалатын. Биыл азайған сияқты. Алайда, әлі де кездеседі. Есте сақтаңыз! Банк қызметкерлері сіздің жеке деректеріңізді сұрап, ешқашан қоңырау шалмайды. Барлық мәлімет олардың базасында тұр. Қосымша сұраудың керегі не? Алаяқтар әдетте қоңырау шалған соң, сіздің атыңызға ниесе рәсімделе жаздағанын, сондықтан, кейбір деректерді жаңарты керегін айтып, смс-пен келген кодты айтуды сұрайды. Алайда сіз банктік қосымшаңыздағы құпиясөзді ұмытып қалғанда не істейсіз? Әрине, қосымшадағы құпиясөзді ұмыттым дегенді басасыз. Банк сізге смс код жібереді. Сол арқылы құпиясөзді қалпына келтіріп, қосымшаға кіре аласыз. Алаяқ бар болғаны осы тәсілді пайдаланып тұр. Яғни, сіздің нөміріңізді енгізіп, құпиясөзді ұмыттым дейді және сізге қоңырау шалып, өзіңізден смспен келген кодты сұрап алады. Ал банк сізге әрқашан смспен келмеген кодты ешкміге бермеңіз деп ескертеді.
  8. Жылдам берілетін, пайызы аз, құжатсыз берілетін несиелерге сенбеңіз. Сіз кректі ақпаратты жіберген соң, алаяқтар жалған кредиттерді рәсімдейді, онлайн немесе мобильдік банкингтегі жеке кабинетіңізді бұзып кіреді. Нәтижесінде өзіңіз көрмеген несие пайда болуы мүмкін.
  9. Балаларыңызға қаржы алаяқтары туралы айтып, ескертіңіз. Қазір 3 жастан бастап, 18 жасқа дейінгі баланың бәрінде телефон бар. Соңғы деректер бойынша 13-15 жас аралығындағы балалар көбінесе қаржы алаяқтарының құрбаны болады екен. Оларға шетелде мұрагерсіз қалған байлардың ақшасы туралы аңыздар мен қатты қиындыққа тап болған ақшалай адамдарға көмектесу, табыс әкелетін қосымшаларды орнату туралы ұсыныстар жиі жасалады. Және көпшілігі оңай алданады екен. Күмәнді сілтемелерге өтпеуін, достарынан келіп түскен ақпаратты жай ғана оларға қоңырау соғу арқылы қайта тексеруді, бейтаныс, лицензиясы жоқ қосымшаларды орнатпауды ескеретіңіз.
  10. Оңай табыс жоқ. Бәрі еңбекпен келеді. Жоғары табысқа кепілдік беретін «бірегей», «аса тиімді», «жоғары табысты бизнес», инновациялық жобаларға елікпеңіз. Бұлардың көпшілігі қаржы пирамидалары. Әдетте жарнамалары жер жарады. Тіпті танымал әншілер, блогерлер жарнамалап жүреді. Аз ақша салсаңыз, ай сайын сол көлемдегі ақшаны алып отыратыныңызды, тағы бір адам әкелсеңіз, табысыңыз еселенетінін, кірісі депозиттен көп екенін көрсетіп, бірақ арнайы лицензиясы, құжаттарын көрсетпеуге тырысса, ақшаны қолма-қол алса, бірден басыңызды ала қашыңыз.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Лондон бизнес мектебі мен павлодарлық «атамекен» кәсіпкерлер үшін тренинг ұйымдастырды

08.01.2023

Қазақстандық кәсіпорындарда жыл сайын 200-ге жуық адам қаза болып жатыр

28.04.2023

Дипломсыз да табысты болған 11 миллионер туралы білесіз бе?

13.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа