No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаржы үнемдеудің 8 тәсілі

Айналамызда қарыздан қарызға батып, өз дағдарысынан шыға алмай жүрген жандар көбеймесе, азаяр емес

01.08.2022
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
PantherMedia A5534958

PantherMedia A5534958

13
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алдыңызға мақсат қоя біліңіз және өмірге оптимистік көзқараспен қараңыз! Ешқашан «Ақша жоқ» деп айтпаңыз. Осы күнге тәубе деп, төмендегі қағидаларды ұстанып жүрсеңіз, дағдарыстың сізді айналып өтеріне сеніңіз!

Шығынды алдын ала жоспарлаңыз
Шығындарыңызды күнделікті жоспарлау сізді жалықтырып жіберуі мүмкін, әйтсе де, бұл далаға шашылған артық ақшаны азайтудың ең тиімді жолы. Бұл тәсіл арқылы ойда-жоқта жасалған сауда мен мақсатсыз жұмсалған қаражаттың қатары сирейді. Әрі осы әдіспен ақшаның басым бөлігі қайда кететінін біліп отырасыз.

Сауда жасар алдында ойланыңыз
Алатын заттарыңызды тізімдеп алыңыз. Үйде не бар, не жоғын анықтап, параққа жазып алыңыз. Ғаламтор арқылы сауда жасауды үйренсеңіз, тіптен жақсы. Сізге тек бір-ақ рет көмегі тиетін заттарды сатып алмас бұрын ойланыңыз.

Затты екінші бір затпен алмастырыңыз
Бірінің орнына бірін пайдалануға болатын заттар тұрмыста өте жиі кездеседі. Мәселен, «Парацетамол» дәрісі мен лимон қосылған шай «Терафлю» ұнтағының, супермаркеттен алынған пакеттер қоқыс пакеттерінің орнын алмастыра алады. Осындай жағдайларды ескерсеңіз, ақшаңыз қалтаңызда қалатынын естен шығармаңыз. Кейбірі сізді «жұмыртқадан жүн қырыққан» деп ойлауы мүмкін. Дегенмен, ақша үнемдеудің ешқандай ұяты жоқ. Бұл – үнемделген қаражатыңызды сақтап, жазда демалуыңызға бірден-бір мүмкіндік.

Денсаулығыңызды күтіңіз
Суық күні шашымызды жуып алып, құрғатпастан далаға шығып кетуді доғару керек. Бас киім киіп, қалың киініп, қол-аяғыңызды жылы ұстаңыз. Ата-анаңыз айтатын «сұлуынан жылуы» деген қағиданы ұстансаңыз, дәріханаға барып, артық шығынға ұшырамайсыз. Оған қоса, оқуда немесе қызметте жүріп ауырсаңыз, ойға алған істеріңіздің кейінге шегеріліп қалатынын ұмытпаңыз.

Қарапайым дүниелерді үйреніңіз
Су құбырының шүмегінен аққан суды тыю үшін ақылы арнайы мамандарды шақырудың қажеті жоқ. Ғаламтордан нұсқаулығын көру арқылы техникалық кілтпен жөндеңіз. Бұл тек бір ғана мысал, қысқаша айтқанда, үйде бар затты тиімді пайдаланыңыз. Бұл сізге тек қана ақша үнемдеуді үйретпейді, ептілігіңіз пен қолыңыздан келетін істердің саны артады.

Коммуналдық төлемдерді қысқартыңыз
Яғни, тағы да үнемдеу әдісі арқылы коммуналдық төлемдерді де азайта аласыз. Жарықты қажет емес кезде өшіріп жүру, кешкі аста шырақ жағып, романтикалық кеш жасау, т.б.

Епті болыңыз
Қолдан бұйым жасауға қабілетіңіз болса, тіптен жақсы. «Темірден түйін түйген» қазақпыз ғой. Босаған дүниелерді кері өмірге әкеліп, қоқыс жәшігіне емес, тағы да пайдаңызға жаратыңыз.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Бір жылда аяқ киім бағасы 21%-ға қымбаттаған

10.04.2023

Алматы облысында металл бұйымдарын өндіру 14,1%-ға азайды

27.01.2023

«Қоқыс от»: бөлшек сауда компаниялары сатып алушыларды тарифтерді көтермес бұрын сатып алуға шақырады – CNBC

05.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа