No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаржылық тәуелділіктпен құтылу факторлары

11.01.2023
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Заманауи уақыт легіне ілесіп, үнемі барлығына үлгеріп, алға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылыс, табысты адамның бейнесіне сай келуге тырысу көп жағдайда адамды қажытып, нәтижесінде оның эмоционалдық тұрғыдан шаршауына әкеледі.

Қаржылық еркіндікке қол жеткізу жолында мұндай сезімнен қалайша арылуға және мәжбүрлейтін «трендтерге» қалайша берілмеуге болатындығы жөнінде психология және коучинг саласындағы қазақстандық сарапшылармен бірге қарастырып көрелік.

«Эмоционалдық қажу» ұғымын 1974 жылы психологияға алғашқы болып америкалық дәрігер Герберт Фрейденбергер енгізді, қарапайым тілмен айтқанда, бұл ағзаның ішкі және сыртқы стресстерге реакциясы болып келеді.

«Қажуды» әрбір адам басынан өткеруі мүмкін, ол оның жынысына, жасына, қызметінің түріне қарамайды, күнделікті үй шаруасынан да қажуға болады. Қажу сезімі біраз тыным тауып, өзіңізге не керіктігін ажыратып, өмір екпініне қажетті түзетулер енгізу қажеттілігін білдіреді.

Психологтар эмоционалдық қажудың екі факторын ажыратады: кәсіби және эмоционалдық.

 

1-фактор – work-life balance-тың болмауы

Адамның өмірінде оның жұмысы мен жеке өмірі маңызды рөл атқарады. Work-life balance, яғни олардың тепе-теңдігі әрбіреуіміздің жұмысымыздан қанағаттанып, дамуға және белгілі бір жетістіктерге жетуге ұмтылысымызды сақтауға ықпал етеді. Осының барлығының біздің қаржылық әл-ауқатымызға тікелей әсері сөзсіз. Үнемі ширығып жүру, бір мезетте бірнеше мәселелерді шешуге тырысу, жұмыс уақытын ұтымсыз бөлу жүйелік қателіктерге, басшылықтың немесе әріптестердің наразылығына әкелуі мүмкін, нәтижесінде жұмыс қабілеті төмендейді және кәсіби шаршау белгілері пайда болады. Стресс жағдайы ашушаңдыққа немесе өзін-өзі шектетуге, эмоционалдық және физикалық тұрғыдан қажуға, кейде отбасының бұзылуына әкеледі.

«Егер адам үнемі жұмысбасты болып, одан басқа қажеттіліктерден бас тартып, өз қажеттіліктерін ұмытса, онда бұл сөзсіз стресске, кәсіби күйзеліске, жұмыстағы және отбасылық қатынастардағы проблемаларға әкеледі», – дейді бизнес-коуч Артем Мочалов.

Ол жұмыс пен өзіңізге арналуы тиіс уақыт арасында тепе-теңдікті сақтауды ұсынады. Өз ағзаңызды тыңдаңыз және әрқашан жұмыс пен демалыс режимін сақтаңыз, мәселен, 8 сағатты тікелей жұмысқа арнаңыз, 4 сағатты жақын адамдармен араласуға, 4 сағатты өзіңізге, ал қалған 8 сағатты толыққанды ұйқыға арнаңыз.

Тайм-менеджмент туралы естен шығармаңыз, қойылған міндеттерді ескере отырып, жұмыс уақытын маңыздылығы мен жеделдігіне қарай дұрыс бөліңіз, әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынас орнатыңыз, өйткені уақытыңыздың басым бөлігін сіз сол адамдармен өткізесіз. Өзіңіздің дұрыс бағытта келе жатқаныңызды басшылықтан тағы бір рет нақтылап алудан қысылмаңыз және жұмыста бастамашылық танытыңыз.

«Қажудың» алғашқы белгілерінде демалып алыңыз, бос уақытыңызды достарыңызбен, жақындарыңызбен өткізіңіз, спортпен, арт-терапиямен айналысыңыз немесе кешті жақсы фильмді көруге арнаңыз. Әрқашан жағымды, оптимистік көзқарастар мен құндылықтарды сақтау, даму, оқу немесе эмоционалдық тұрғыдан қанағат әкелетін хоббиді табу маңызды.

Егер сіз үнемі ыңғайсыздық сезінсеңіз, онда бұл сіздің кәсіби қызметіңізді қайта қарауға себеп болады. Қытай халқының данасы Конфуций айтқандай: «Өзіңізге ұнайтын жұмысты таңдаңыз, сонда сіз өміріңізде бір күн де жұмыс істемейсіз». Егер сіз әлі де жұмыстан кетуге шешім қабылдаған болсаңыз, онда алдымен жаңа қызмет түрін іздеген кезде қиналмай өмір сүруге көмектесетін «қаржылық қауіпсіздік жастықшасын» жасаңыз. Бұл сіздің кем дегенде 6 айлық жалақыңыз болуы керек.

2-фактор – мақсаттың болмауы

Психологтардың пікірінше, эмоционалдық күйзеліс, негізінен, өмірде нақты мақсаты жоқ адамдарда кездеседі. Мұндай адамдарға басқалардың: қоғамның, туған-туыстардың, маркетологтар немесе блогерлердің пікірлерін мойындату оңай болады.

Интернет кеңістігінде, әсіресе, әлеуметтік желілерде, «белгілі» және «табысты» адамдардың өмірі көпшіліктің назарына шығарылады. Мысалы, жас жігіт белгілі брендтік костюм киіп, шетелдік көліктің соңғы үлгісін мініп, сәнді үйде тұрады. Осының бәрі «әдемі бейнені» көрген кейбір адамдардың өздерін кем сезінуіне, мазасыздық және әлсіздік сезіміне бой алдыруларына себеп болады. Олар осы бейнеге сәйкес келуге тырысып, мойындарына «кредит қомытын» ілуге мәжбүр болады.

«Адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қоғамдық пікірге тәуелді. Табыстылық елесін жасау үшін азаматтар кредиттер мен бөліп төлеу ресімдеу арқылы кейде қажет емес, бірақ «брендтік» заттарды сатып алады. Кредиттік тәуелділік осылай туындайды», – дейді психолог Алиса Селезнева.

Кейіннен сатып алынған «зат» эмоционалдық қанағаттанушылық тудырмайды, ал борыштық міндеттемелерді өтеудің тұрақты қажеттілігі адамды «қажуға» әкеледі, нәтижесінде уақыт өте келе «кредиттік шаршау» пайда болады. Борыш «қомытынан» құтылу үшін адамдар таныстарынан, достарынан қарыз алады, бұрынғы қарыздарын өтеу үшін жаңа қарыздар алудың нұсқаларын немесе тез ақша тауып, байып кету жолдарын іздейді. Олар сондай-ақ, қара кредиторлардың айла-шарғыларына немесе қаржы пирамидаларына түсуі мүмкін. Қатты күйзеліс жағдайында ұзақ уақыт болу паникалық шабуылдарға ұласып, нәтижесінде ұзақ мерзімді депрессия туындауы мүмкін.

Сондықтан, ең алдымен, кез келген кредитті ресімдемес бұрын, сіз шынымен де бұл затты сатып алғыңыз келе ме, ол сізге қаншалықты қажет, оны алдағы айларда, тіпті жылдарда болашақ табысыңыздан пайызбен бірге төлеуге дайынсыз ба, соны ойлаңыз.

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы нәзік жандыларға қандай көмек бере алады?

24.06.2022

Базалық мөлшерлемені көтеруге қатысты сарапшы пікірі қандай?

06.12.2022
SEOUL, SOUTH KOREA - MARCH 12:  A bank employee counts U.S. dollars banknotes at the headquarters of the Korea Exchange Bank March 12, 2003 in Seoul, South Korea. The dollar began stronger against the won amid a bleak economic outlook and the growing concerns over the North Korean nuclear crisis, closing at 1,245 won per dollar, up 15.10 won.  (Photo by Chung Sung-Jun/Getty Images)

Доллар бағамы бір күнде күрт өсті

26.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа