No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаржыны жоспарлауға арналған үш қадам

12.01.2023
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жоспарлауға арналған үш қадам

Шығыстардан кейін жинақтауға ақша қалу үшін не істеу керек?

№ 1 қадам –  Мақсатымызды нақтылаймыз

Кез келген жинақтың қандай да бір түпкі мақсаты болуы тиіс. Қаражатты жинақтар алдында ең алдымен күрделі емес «Бұны не үшін істеп жатырмын?» деген сауалға жауап беру қажет, басқаша айтар болсақ, өзіңіздің қаржылық мақсатыңызды айқындау қажет. Бір түйін: мақсат нақты қойылуы тиіс, яғни алдағы сатып алу, талап етілетін сома мен орындау мерзімі көрсетілуі тиіс.

Қаржы мақсатын дұрыс қоймау: «Машина сатып алғым келеді». Немесе: «Балаларыма дұрыс білім бергім келеді». Қаржы мақсатын дұрыс қою: «Төрт жылдан кейін «У» маркалы құны 10 млн теңге болатын машина сатып алғым келеді». Немесе: «Баламның «Х» ЖОО-да білім алғанын қалаймын және бұл үшін 10 жылда 5 млн теңге жинауым қажет». Қойған мақсаттарыңыз шындыққа жанасатындай болуы өте маңызды.

№ 2 қадам — Өзіңізге бизнес-жоба ретінде қараңыз.

Кез келген табысты кәсіпорынға қажет сияқты Сізге де   қаржы жоспары қажет. Оны қалай жасау керек? Екі бағаннан тұратын кесте сызыңыз. Алдымен сол бағанға өзіңіздің барлық кірістеріңізді (жалақы, пәтерді жалға беруден болатын кірісті және басқаны) жазыңыз. Келесі бағанға өзіңіздің барлық шығыстарыңызды жаза бастаңыз. Қазіргі таңда өз бюджетіңізді жүргізу үшін көптеген бағдарлама бар, ең бастысы мұны үнемі істеп отыруыңыз қажет.

Өзіңіздің кірістеріңіз бен шығыстарыңыздың нақты жазылған жоспарын көріп отырған кезде, Сіз қай бағытта қозғалуды анықтай аласыз. Мақсатты  түзету – іске асыру мерзімін қысқарту/ұзарту, соманы нақтылау және т.б. Ақшаны белгіленген мерзімде айқындалған мақсатқа жететіндей жұмсаған дұрыс.

Ақша мәселесіне келгенде  жоспарлаудың маңызды екендігі анық көрініп тұрады. Ең көп жіберілетін қателік – өз басыңызда жоспарлауға тырысу.  Қағазға жазылмаған қаржы жоспары – нашар жоспар. Сондықтан өз кірістеріңіз бен шығыстарыңыздың есебін қағазда, компьютерде немесе мобильді қосымшада жүргізген дұрыс.

№ 3 қадам — Ақша жұмыс істеуі қажет.

Қаржылық әл-ауқатқа алғаш қадам жасай отырып, ол ақшаны сақтауды және жинауды үйрену, келесі қадам ақшаны дұрыс жұмсай білуге кірісу қажет.  Өзіңіздің бос қаражатыңызды инвестициялай отырып, сіз  әдеттегі жинаған кездегі жедел «еритін» ақшаның сатып алушылық қабілетін сақтайсыз.

Бұл банктегі салым сияқты қарапайым құрал, немесе аздап күрделі – бағалы қағаздармен сауда жасау, бұның барлығы дұрыс жасалған кезде өзіңізді жеткілікті капиталмен қамтамасыз етуге көмектеседі. Инвестициялау – бұл капиталды сақтау немесе сатып алушылық қабілетін ұлғайту үшін түрлі қаржы құралдарына капиталды орналастыру.

Адам өмір сүрген әр жыл алынған білім, тәжірибе, басқа адамдармен араласу есебінен баю, қандай да бір мақсаттарға жету түріндегі дивидендтер әкеледі. Көп адам бұл ретте алға қойылған мақсатқа жақындауда көп ақша жұмсайды. Алайда ақша – мақсатқа жету үшін тек құрал болып табылады. Ақшаға дұрыс қарай білуді де үйрену қажет және сонда ғана ақша сізге жұмыс істей бастайды. Өз болашағы туралы байыпты ойлауға дайын әрбір адам үшін қаржы еркіндігі жолына есік ашық.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Брокерлік шотты қалай ашуға болады?

04.01.2023
фото: ашық дереккөз

Жұмыссыз ата-аналарға шамамен 21 млрд теңге жәрдемақы төленді

21.08.2023

Ақтауда аммиак қосылған суды далаға төккен зауыт 6 млн теңге айыппұл арқалады

08.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа