Алдағы уақытта жұмыстар кезінде құрлық және теңіз нысандарында тиісті рұқсат шеңберінде шектеулі көлемде газ жағылады.
“Газ жағу — Қашаған кен орнын игеру жобасындағыдай күрделі өндірістік операцияларды қайта жандандыру барысындағы стандартты процесс және ол шектелген уақыт аралығында үзілмелі режимде жүргізіледі”, – делінген North Caspian Operating Company компаниясының хабарламасында.
Еске салайық, 5 тамызда Қашағанда газ шығуға байланысты мұнай өндірісі тоқтатылған болатын.