No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерін құттықтады

08.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Х съезіне орай бизнес өкілдеріне үндеу жолдады. Президент Қазақстанда шағын және орта бизнесті өркендетуге баса мән берілетінін айтып, Кәсіпкерлер палатасының отандық бизнестің бәсекелік қабілетін арттырудағы маңызына тоқталды. Ел басшысының құттықтауын съезде премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев оқып берді.

 

Президент өнеркәсіп саласында, экономикада өзгерістер жасау және елімізді дамыту жолында жауапты әрі мықты кәсіпкерлер қауымы басты рөл атқаратынын атап өтті.

 

«Құрметті съезге қатысушылар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Х съезінің ашылуымен құттықтаймын. Отандық бизнес еліміздің экономикасын өркендетуге айрықша ықпал етеді. Біз нарықтық экономика құрып жатырмыз. Сол себепті өнеркәсіп саласында, экономикада өзгерістер жасау және елімізді дамыту жолында жауапты әрі мықты кәсіпкерлер қауымы басты рөл атқарады. Қазақстанда шағын және орта бизнесті өркендетуге баса мән беріледі», – делінген Президенттің құттықтауында.

 

Мемлекет басшысы соңғы он жылда осы саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесі екі есе өсіп, 34 процентке жеткенін атап өттті. Бүгінде бизнесте 3,5 миллионнан астам адам еңбек етіп жүр. Сондай-ақ, президент Ұлттық палатаның алдында нарыққа сапалы сараптама жасау үдерісіне қатысу үшін жаңа тәсілдер әзірлеу міндеті тұрғанын жеткізді.

 

«Осы уақыт ішінде ҰКП мемлекеттің толыққанды әріптесіне айналды. «Атамекеннің» микро және шағын бизнесті қолдаудағы, өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуда басымдық бере отырып, жасап жатқан ауқымды өзгерістері еліміздің алдында тұрған мақсат-міндеттерге толық сай келеді. Сіздердің алдарыңызда мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылдап, жүзеге асыру, нарыққа сапалы сараптама жасау үдерісіне қатысу үшін жаңа тәсілдер әзірлеу міндеті тұр», – деп жеткізді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президенттің айтуынша, «кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің бәсекелік қабілетін арттыруға, қызметін жауапкершілікпен атқаруға ынталандыруға және жұмыс орындарын ашуға ат салыса отырып, билік пен іскер азаматтарды байланыстыратын тиімді арнаға айналу тиіс. «Атамекен» тауар өткізу нарығын кеңейтуге рұқсат беру рәсімдерін жеңілдетуге, мемлекеттік сатып алу жұмысының қолжетімді болуына және сыбайлас жемқорлық қаперін азайтуға барынша септігін тигізуі керек».

 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев палата отандық кәсіпкерлерліктің бетке ұстар өкілдері мен шағын және орта бизнес субъектілері арасында өзара тиімді ықпалдастық орнатып, үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолында маңызды рөл атқаратынын мәлімдеді. Микро және шағын бизнес өкілдерін тексеруге жарияланған мараторий тағы бір жылға ұзартылғанын да атап өтті.

 

«Мемлекет шағын және орта бизнестің дамуына барынша жағдай жасап, кез келген заңды кәсіпкерлік қызметке қолдау көрсетеді, оны қорғайды. Елімізде адал бәсеке, әлеуметтік жауапкершілік, жасампаз еңбек құндылықтарын басшылыққа алатын кәсіпкерлердің жаңа қауымы қалыптасуы өте маңызды. Қазақстанда бизнесті өңірлік қана емес, жаһандық деңгейде өркендетуге мол мүмкіндік бар. Мемлекет палатамен бірлесіп, ұлттық экономиканы монополиядан арылту, нарықтарды игеру, барлығына түсінікті әділ ойын ережесен қалыптастыру үшін жүйелі жұмысты жалғастырады», – делінген құттықтауда.

 

Президент кәсіпкерлерді құттықтауын қорыта келе, «мемлекет пен бизнестің бірлесіп жұмыс істеуі елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашады деген сенім білдірді».

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Шетелде демалыс кезінде ақша үнемдеу жолдары

27.12.2022
bussinessman at office looking an online petition on a web. All screen graphics are made up.

Кәсіпті нөлден қалай бастауға болады?

26.12.2022

Антикор бизнеске қысым көрсетті деген күдікпен 65 адамды жауапқа тартты

28.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа