No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан Иранға тауар жеткізу көлемін арттыруға дайын

Смайылов пен Иранның Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбер екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады

07.10.2022
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Премьер-Министр Иранмен тату көршілік қатынастарды дамыту Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Оның айтуынша, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктері мол. Мәселен, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 85,1%-ға өсіп, $441 млн-ды құрады. Қазіргі уақытта Қазақстаннан Иранға экспорт 154 тауар позициясы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте Үкімет осы номенклатураны кеңейту жөнінде ұсыныс дайындауда.

Сонымен қатар Премьер-Министр Қазақстан ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті дамытуға және азық-түлікпен өзара қамтамасыз етуді ұлғайтуға үлкен мән беретінін айтты.

«Екі елдің АӨК өнімінің тауар айналымын 1 млрд долларға дейін ұлғайтуға мүмкіндігі бар. Осы міндетті іске асыру үшін көлік дәліздерін және ауыл шаруашылығы тауарларын өзара жеткізуді пысықтап жатырмыз», — деді Әлихан Смайылов.

Екі елдің өзара іс-қимылының тағы бір негізгі бағыты – көлік-логистика саласы. Бұл жөнінде Премьер-Министр инфрақұрылымдық шектеулерді жоюға, локомотивтік тасымал қуатын және шекарадағы тауарларды түсіріп, қайта тиеу мүмкіндіктерін арттыруға баса көңіл бөлуді ұсынды.

«Транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту бағыты бойынша Қазақстан және Иран порттарында жаңа терминалдар салу үшін бірлескен инвестициялар тарту мәселесін пысықтау керек. Теміржол тарифтерін біріздендірумен бірге, бұл Орта Азиядан Иран бағытындағы жүктердің транзитін ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Мохаммад Мохбер өзара сауданы $3 млрд-қа дейін ұлғайтуға, сондай-ақ көлік-логистика және қаржы-банк, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ салаларында және энергетикада өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделі екендіктерін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

“Қаржылық” жағдайға уақытылы диагностика жүргізу дегеніміз не?

12.01.2023

Қазақстандықтар неше жасқа дейін өмір сүреді?

26.04.2023

Түркістан облысында электро-шәйнек шығарыла бастады

05.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа