Қазақстан макаронды көп жейтін елдердің арасынан көш бастап тұр, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Биыл Қазақстанда 39,3 мың тонна макарон өнімдері шығарылды. Жан басына шаққанда қазақстандықтар 17-18 келі макарон өнімдерін тұтынады.
Макарон өнімдері негізінен Қостанай облысы, СҚО, БҚО және Астана, Шымкент қаласында шығарылады. Еліміздегі макарон өнімдерінің 77 пайызы аталған өңірлерге тиесілі.
Рекордтық өндіріс 2020 жылы тіркелді, яғни 178,9 мың тонна.
Биыл үш айдың қорытындысы бойынша елімізде макарон өнімдері 35,1 пайызға қымбаттаған.