Қазақстан-Әзірбайжан Іскерлік кеңесінің бірінші отырысы Баку Бизнес орталығында өтті, деп хабарлайды Kazbusiness.kz сайты.
Іскерлік шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан Республикасына ресми сапарына орай ұйымдастырылды. Шараға екі елдің 70-тен астам бизнес өкілі қатысты.
Қазақстан-Әзербайжан Іскерлік кеңесінің негізгі мақсаты – Әзірбайжан және Қазақстанның іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты дамыту арқылы екі елдің сауда-экономикалық қатынастарын кеңейту.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Аян Еренов Әзірбайжан-Қазақстан қарым-қатынастары, соның ішінде экономикалық саладағы қарым-қатынастар табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан-Әзірбайжан Іскерлік кеңесінің маңызын, спикер іскерлік топтар арасындағы байланыстарды кеңейтудегі кеңестің рөлін, сондай-ақ ынтымақтастықты нығайту үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану қажеттілігін айтты.
Қазіргі кезде логистика саласында Транскаспий бағыты, Солтүстік-Оңтүстік дәлізі бойынша ынтымақтастықты кеңейту және Әзірбайжан Республикасы арқылы транзиттік-логистикалық тізбекті нығайту негізгі мәселелер. Басқа да негізгі салалар қатарында құрылыс және энергетика болып белгіленген.
AZPROMO жетекшісі Юсиф Абдуллаев кеңес қызметінің негізгі бағыттары туралы сөз қозғап, кеңестің алдында тұрған міндеттердің бірі екі ел арасындағы инвестициялық белсенділікті арттыру, ынтымақтастықты кеңейту екенін айтты. Спикер кәсіпкерлерді Қазақстан-Әзірбайжан іскерлік кеңесімен белсенді ынтымақтасуға шақырды.
Екі елдің ынтымақтастығы аясында басқа да мәселелер талқыланды.
Жиында Іскерлік кеңес құру туралы меморандумға қол қойылды, оның тең төрағалары IDEA компаниясының директоры Ибрагим Алысой және FORTEBANK АҚ Ақтаудағы филиалының директоры Аббат Өрісбаев болды. Бұдан басқа, іс-шара қорытындысы бойынша бизнес өкілдері арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдар мен әріптестік туралы келісімдерге, $ 11 млн сомасына 2 коммерциялық келісімшартқа қол қойылды.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға одан әрі жәрдемдесуге уағдаласты.