No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан мал және өсімдік шаруашылығы салаларында ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

29.10.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстан мен Қырғызстан мал және өсімдік шаруашылығы салаларында ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, екі мемлекеттің мал шаруашылығында неғұрлым тығыз экономикалық кооперацияны жолға қою, АӨК өнімдерін өндіру мен өңдеуді бірлесіп дамыту, сондай-ақ генетикалық материал алмасуда және тұқым саудасын дамытуда үлкен перспективалары бар.

«Біз Қырғызстанның тұқым нарығының қатысушыларына жаңа жоғары өнімді сұрыптардың тұқымдарын және жеміс-жидек дақылдарының отырғызу материалдарын өндіру және сату мәселесін қарастыруға дайынбыз. Сондай-ақ, ветеринария және фитосанитария, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің генетикалық материалдарымен алмасу саласында өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты белсенді дамыту ниетіміз бар», — деді Ербол Қарашөкеев.

Сонымен қатар, тараптар агроөнімнің өзара сауда көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Атап айтқанда, Қазақстан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетуге шектеулерді алып тастағаннан кейін, Ауыл шаруашылығы министрлігі асыл тұқымды малды, сондай-ақ асыл тұқымды материалды Қырғызстанға жеткізу мүмкіндігін пысықтауға дайын.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 9%-ға өсіп, 159,9 млн теңге болды. Қазақстан негізінен жұмыртқа, сүт өнімдері, ұн, макарон өнімдері, шоколад және кондитерлік өнімдер экспорттайды. Ал, Қырғызстаннан сүт өнімдері мен алкогольсіз сусындарды импорттайды.

Елімізге сапары аясында министр Асқарбек Жәнібеков Алматыдағы бірнеше шаруа қожалықтарына барып, өндірістік процестермен танысты.

 

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Шетел кәсіпкерлері 10 жылға виза рәсімдей алады

02.09.2022

Елімізде қант 1,4 пайызға арзандады

08.12.2022

«Сигма-Газ» ЖШС газ бағасын заңсыз қымбаттатқан

13.02.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа