No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан Сауд Арабиясымен ет эскпортына қатысты келісімге келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына сапары барысында Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша келісім-шарттар жасасты. Сондай-ақ, республикада АӨК-те бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

25.07.2022
Жаңалықтар
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жиддада өткен инвестициялық дөңгелек үстел барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының қолдауымен Қазақстанда 120 млн доллардан  астам сомаға бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылғанын, бірақ мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығы үшін әлеует жоғары екенін атап өтті. Қазақстан жылына шамамен 400 млн доллар сомасына шикізаттық емес тауарлардың 100-ден астам түрін ұсынуға дайын.

Президент отандық агросектордың әлеуетіне де тоқталды.

Қазақстан егістік көлемі бойынша жан басына шаққанда әлемде екінші, жайылымдық жерлер жөнінен бесінші орын (180 миллион гектар) алады. Еліміз бидай өсіретін және ұн өндіретін 10 ірі мемлекеттің қатарына кіреді. Біз Корольдікке жоғары сапалы бидай, ұн және майлы дақылдарды тұрақты әрі ұзақ мерзімді жеткізуші елдердің бірі болуға дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

  • Ірі қара мал еті мен қой етінің импортына қойылатын санитариялық-техникалық талаптар хаттамасы;
  • “КазБиоСорго” ЖШС мен Ajlan & Bros Holding Group компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум;
  • Сауд Арабиясына қазақстандық етті жеткізу бойынша “Оптоград”ЖШС мен Ajlan & Bros Holding Group компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум;
  • KAZAKH INVEST және Al Rajhi International for Investment (RAII) арасындағы инвестициялар бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум;
  • “QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы” акционерлік қоғамы мен “Лулу Сауди Гипермаркетс” ЖШҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум;
  • “Евразия Инвест ЛТД”ЖШС мен Jamjoom Pharma арасындағы Қазақстаннан Сауд Арабиясына құрғақ бие сүтін жеткізу туралы келісім.

Сонымен қатар, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының ірі компанияларының басшыларымен, соның ішінде Ajlan & Bros Holding Group холдингтік тобының басқарма төрағасы Аджлан бен Абдельазиз Аль-Аджланмен кездесулер өткізді. Сауд Арабиясы Корольдігі мен Таяу Шығыстың ірі конгломераттарының бірі Қазақстанға инвестиция салуға мүдделілік танытты. Қазіргі уақытта холдинг Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласындағы өндірістік жобаны пысықтауда.

 

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 320 мың жаңа жұмыс орны құрылды

27.09.2022

30 пайыз: жеңілдетілген автонесие рәсімдеуде алдын ала төлем жасау заңды ма?

08.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа