No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

1 шілдеде Яндекс Такси мен Еңбекмин пилоттық жобасы іске қосылады

16.05.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
58
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп интернет-платформаны пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзгеше тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға кірісті, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Жобаның мәні –  интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту (зейнетақы қоры, салық жүйесі және т.б.).  Осындай интернет-платформалардың бірі – «Яндекс Таксимен» ҚР Еңбек министрлігі тиісті келісімге қол қойған.

«Яндекс» интернет-платформасында тіркелген такси жүргізушілері пилоттық жобаға ерікті түрде қатыса алады. Ол үшін Азаматтарға «e-salyq Business» мобильдік қосымшасын пайдаланып, арнайы салық режимін қолдана отырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет.

Пилоттық жоба шеңберінде жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және такси жүргізушілерінің табысынан медициналық сақтандыру жарналарын төлеу жөніндегі міндеттемелер интернет-платформа операторына («Яндекс.Такси») жүктелетін болады.

Яғни, интернет-платформа операторы такси жүргізушілерінің табысы туралы мәліметпен Мемлекеттік кірістер органдарымен бөліседі. Бұл мекемелер салық пен әлеуметтік төлемдер сомаларын есептеп, қажетті төлемдер туралы мәліметті қайта “Яндекс Таксиге” жібереді. Одан кейін интернет-платформа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банк шотына әрбір әлеуметтік төлемге жеке төлем тапсырмаларын жүргізетін болады.

Жоғарыда аталған тетіктерді іске асыру мақсатында қазіргі уақытта «Яндекс.Такси» және Қаржыминінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін техникалық интеграциялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Digital ID арқылы биометриялық сәйкестендіруден өту жолымен «Яндекс.Такси» мобильді қосымшасында тіркелу рәсімін жеңілдету жоспарланған.

Дайындық рәсімінің аяқталуы және пилоттың толық іске қосылуы 2023 жылдың 1 шілдесінен басталады.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Биылдан бастап мұғалімдер әуреге түсіп портфолио жинамайды

20.05.2023

Биылдан бастап ел жастары 5 млн теңге шағын несие ала алады

07.01.2023

Қант импортына арналған квота ұзартылды

22.06.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа