No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 62 мыңнан астам жетім бала баспана кезегінде тұр

18.05.2023
Жаңалықтар
19
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Елімізде 62 мыңнан астам жетім бала баспана кезегінде тұр. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған деп хабарлайды kazbusiness.kz.

«Соңғы 10 жылда 8 458 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала баспана алды. 2022 жылы 673 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала баспаналы болды. 2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша баспана алу кезегінде 62 501 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұр», – деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Оның дерегінше, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар аталған санаттағы балаларды қолдау жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асырып жатыр. Онда бюджеттен тыс және демеушілік қаражат есебінен балаларды пәтермен қамтамасыз ету іс-шаралары көзделген.

«Мұнан бөлек, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне «Отбасы банк» АҚ-да депозиттік есепшот ашылған. Ол балалардың асыраушысынан айрылуына, мүгедектігіне байланысты жәрдемақылар, алимент есебінен, сонымен қатар әлеуеттік серіктестердің, бизнес құрылымдардың қаражат аударуы арқылы толықтырылып отырады», – дейді Әлихан Смайылов.

Байланысты Материалдар

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Келешекте сайлау жәшіктері бюллетендердің автоматты есебін жүргізетін технологиямен жабдықталады

24.03.2023

“Кәсіпкерлердің жаңа толқыны керек” – ПРЕЗИДЕНТ

19.04.2023

“АрселорМиттал Теміртау” заңгерін өлтірді деген екі күдікті ұсталды

26.04.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа