No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда агросақтандыру сыйақыларын субсидиялау 50% -дан 80% -ға дейін артады

2022 жылы 5 қыркүйекте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығындағы өзгерістерге сәйкес аграрлық секторда сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау нормативі 50%-дан 80%-ға дейін артады. Бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін сақтандыру полисінің құнын төмендетуге мүмкіндік беріп, сондай-ақ агросақтандыруды одан да қолжетімді ете түседі, деп хабарлады министрлікте.

01.09.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Еске сала кетейік, 2020 жылдан бастап Қазақстанда АӨК сақтандырудың жаңа жүйесі жұмыс істейді. Сақтандыру сыйақыларын субсидиялаудың негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қарыз және саудалық қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Қазіргі уақытта өсімдік және мал шаруашылығы салаларында келесідей сақтандыру өнімдері бекітілген:

  1. Топырақтың ылғалдылығының жетіспеушілік индексін сақтандыру;
  2. Топырақтың артық ылғалдылық индексін сақтандыру;
  3. Күздік дақылдар үшін топырақ ылғалдылығының жетіспеушілік индексін сақтандыру;
  4. ІҚМ, ҰММ, жылқы мен құстарды сақтандыру.

Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруға дәнді дақылдар (бидай, сұлы, арпа, жүгері), күздік және майлы дақылдар жатады.

Сондай-ақ пассивті микротолқынды қашықтықтан зондтау негізінде «өсімдіктердің оптикалық тереңдігі» индексінің мониторингін көздейтін биомасса индексін сақтандыру бойынша сақтандыру өнімі жұмыс істейді.

Өсімдіктердің оптикалық тереңдігі өсімдіктердегі судың салыстырмалы мөлшерін анықтап, өсімдіктердің өсуі мен биомассасын көрсетеді.

Сақтандырумен «JÝSAN Garant» СК» АҚ, «ВИКТОРИЯ» СК» АҚ, «Nomad Insurance» СК» АҚ, «Amanat» СК» АҚ және «Лондон-Алматы» СК» АҚ-лары айналысады.

Аталған сақтандыру өнімдерінің шеңберіндегі тәуекелдер әлемдік сақтандыру нарығында «А» рейтингі бар SWISS Re (Швейцария), HANNOVER RE (Германия), MUNICH RE (Германия) халықаралық қайта сақтандыру компанияларында қайта сақтандырылады. Олар сақтандыру жағдайлары басталған кезде кепілдік берілген төлемдерді қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығы саласындағы сақтандырудың операторы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ. Барлық рәсімдер – шарт жасасудан бастап, төлемдерге дейін, ақпараттық жүйе арқылы онлайн жүргізіледі. Сақтандыру жағдайы жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде тіркеледі, бұл жүйе адами факторды толығымен алып тастауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Ылғал деңгейінің мониторингі тұрақты негізде жүргізіліп отырады және сақтандыру жағдайының басталу фактісі автоматты түрде тіркеледі.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Абай облысындағы орман өрті: бірнеше жауапты тұлға күдікті деп танылды

01.07.2023

“Үстімізге төбеден құлайды” – Жамбыл облысындағы ауылда біте мен бүрге қаптады

25.05.2023

Жетісу облысында асыл тұқымды ірі қара саны 20% артты

28.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа