No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда құны 5 млрд теңге болатын жаңа құс фабрикасы іске қосылды

Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында қуаттылығы жылына 5 мың тонна тауық етін өндіретін құс фабрикасы ашылды.

24.11.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кәсіпорын Big Dutchmen, Szlachet-Stal және Vagner компанияларының заманауи еуропалық жабдықтарымен жабдықталған, ол болашақта жылына 20 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге мүмкіндік береді. Құс фабрикасы 165 адамды жұмыспен қамтыды. Жобаның құны 5 млрд теңге, оның ішінде СҚО-ны дамытудың кешенді жоспары шеңберінде ӘКК арқылы жеңілдетілген қарыз есебінен қаржыландырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау аясында кәсіпорынға тиісті инфрақұрылым тартылды.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы екі жылында ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға 35 млрд теңге бөлінді. 10 айдың қорытындысы бойынша өңірде 1 трлн теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді.

Жалпы, Қазақстанда 65 құс фабрикасы бар. 2022 жылы құс етін  өндіруді 2,9% — ға, 239,6 мың тоннаға дейін ұлғайтуға қол жеткізілді. Тағамдық жұмыртқа шығару 4,9% — ға артып, 4,2 млрд данаға жетті.

Ағымдағы жылы құс шаруашылығын қолдауға 8,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде асыл тұқымды тәуліктік төлді сатып алуға 617,5 млн теңге, ал жұмыртқа өндіру құнын арзандатуға — 7,5 млрд теңге бағытталды.

Бұдан басқа, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ қаражаты есебінен құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін астық жемін форвардтық сатып алу жүзеге асырылды.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қазақстандық нарықтың меншікті тағамдық жұмыртқамен қамтамасыз етілуі 101% құрайды. Құс еті бойынша қамтамасыз ету көрсеткіші 50% — дан 65% — ға дейін өсті. Осылайша, 2025 жылға қарай жаңа құс фабрикаларын салу және жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларын жаңғырту есебінен құс еті бойынша импортты толық алмастыруды  іске асыру жоспарланып отыр.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанға сиыр етін әкелуге 2023 жылға квота 21 мың тоннаны құрайды

25.08.2022

Қазақстанда орташа зейнетақы 11.898 теңгеге өсті

20.02.2023

Forbes 2022 жылы ең табысты ресейлік компаниялар тізімін жариялады

01.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа