No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда қыркүйекте шағын бизнесті несиелеу 5% көлемінде өсті

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 21 101,2 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға ұлғайған. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді.

31.10.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

“Халықты кредиттеу қарыздардың өсуіне негізгі үлес қосуды жалғастыра отырып, 2,5%-ға өсті. Тұтынушылық кредиттеу біршама бәсеңдеуіне қарамастан, жоғары өсу қарқынын сақтай отырып, 7 197,6 млрд теңге болды. Ипотекалық кредиттеу де 4 277,0 млрд теңгеге дейін жоғары өсімді көрсетуде”, – делінген Ұлттық банк мәлімдемесінде.

Бүкіл кредиттік портфель өсуінің 2/3 астамы жеке тұлғалардың теңгелік кредиттері есебінен қамтамасыз етілді. Заңды тұлғалардың кредиттік портфелі бір айда 1,3%-ға өсті.

“Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 19 332,2 млрд теңгеге дейін, осы айда 1,8%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 6 280,1 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер – 13 052,2 млрд теңгеге дейін 2,5%-ға өсті.Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 769,0 млрд теңгеге дейін қазанда 4,4%-ға, оның ішінде валюталық қайта бағалау есебінен ұлғайды. Заңды тұлғаларға берілген кредиттер валюталық қарыздардың өсуіне негізгі үлес қосты, олар 4,4%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген валюталық қарыздар жеті ай қатарынан төмендеу үрдісін жалғастыра отырып, 0,7%-ға төмендеді. Оның нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2022 жылғы қыркүйектің соңында 91,6% құрады (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%)”, – деп қосты Ұлттық банк өкілдері. 

Қыркүйекте қысқа мерзімді кредиттер қарқынының ұзақ мерзімді кредиттерден озып өсуі байқалды. Қысқа мерзімді кредиттердің көлемі осы айда 4,2%-ға, ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі 1,6%-ға ұлғайды.

2022 жылғы қыркүйекте шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 4 228,1 млрд теңгеге дейін 4,7%-ға өсті.

2022 жылғы қыркүйекте (тамызбен салыстырғанда) банктік емес заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі өзгермей, тиісінше 16,2% және 17,8% деңгейінде қалыптасты.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді

26.09.2022

Келесі аптада қазақстандықтар екі күн ғана жұмыс істейді

14.03.2023

Алакөлдегі өрттен зардап шеккен бизнес субъектілерінің шығынын кім өтейді

05.07.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа