No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда сауда саласында 1,4 млн-нан астам адам жұмыс істейді

03.09.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин «Даму» қорының, «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастықтарының, сауда желілері одағының, сауда нарықтарының, дәріхана желілерінің, ірі сауда орталықтарының өкілдерімен, кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл және Қазақстанның сауда нарықтарына басқа да қатысушылармен Қазақстанның ішкі және сыртқы сауда саясатының жай-күйі мен даму бағыттарын жан-жақты қамтитын тұжырымдамалық құжатты әзірлеу бойынша алғашқы кеңесті өткізді.

 

«Сіздер білетіндей, бүгін біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндірушілерді қаржыландыру схемаларын өзгертудеміз, елдің тауар өткізу жүйесінің бүкіл тізбегін талдаудамыз. Сәтсіздіктердің қай жерде болып жатқанын көріп отырмыз, мүмкіндігінше тезірек Қазақстанның сауда саясатын дамыту тұжырымдамасын бірлесіп әзірлеу үшін біз сіздердің ұсыныстарыңызды күтеміз. Бұл жұмыс құжаты болуы керек, оны сіздерсіз жасау мүмкін емес», — деді Серік Жұманғарин.

 

Екінші маңызды аспект – қазір трансшекаралық хабтарды дамытудың бірыңғай стратегиясы әзірленуде, осы бағытта сауда және интеграция министрлігі соңғы жылдары үлкен жұмыс атқарды. Сыртқы нарықтарға шығуға кедергі келтіретін бөгеттер, экспортқа арналған әлеуетті тауарлар, экспорттаушы компаниялар, қажетті инвестициялар көлемі, шикізат және сыртқы сауданың көптеген басқа да негізгі элементтері айқындалды.

 

«Қазір біз барлық идеяларды, оның ішінде мүмкін емес боп көрінетін идеяларды да талқылап жатырмыз. Осы жоспарлардың барлығын, мүмкіндіктерді бизнес-қоғамдастықтармен белсенді түрде талқылайтын боламыз», — деді сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

 

Отырыста бизнес тарапынан көптеген пікірлер мен ұсыныстар айтылды. «Үй жанындағы» дүкендерді біріктіретін Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің директоры Марина Бошель үй жанындағы дүкендерді бизнес деп атауға болмайтынын, басым бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар екенін мәлімдеді.

 

Ірі бизнес тарапынан мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдыңөзекті мәселелері айтылды, сауда желілерінің өкілдерімен «үй жанындағы» дүкендер форматын, олардың франшизаларын, әсіресе Қазақстан өңірлерінде дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша фокус-топтарда басталған жұмысты жалғастыруға келісті.

 

Қазақстанда сауда саласы – отандық экономиканың негізгі секторларының бірі, оған 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы деректер бойынша Қазақстан ЖІӨ-нің 14.2%-ы тиесілі және онда 1,4 млн-нан астам адам жұмыс істейді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Пригожин Лукашенкомен мәмілеге келді

25.06.2023

Алматы облысында дизель бағасын өсіргендер анықталды

31.08.2022
Фото: «ҚазТрансГаз» баспасөз қызметі

«ҚазТрансГаз Аймаққа» жарты миллиард теңге айыппұл салынды

27.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа