No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда шілдеде инфляция 15 пайызды құрады

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың шілдесінде инфляция өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызды, айлық – 1,1 пайызды құрады.

01.08.2022
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ұлттық статистика бюросы биыл шілде айында елімізде инфляция жылдық есептеуде – 15%, ал бір айда 1,1%-ға жеткенін мәлімдеді. Ал азық-түлік бағасы 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда 19,7%-ға өскен.

Бағаның айтарлықтай қымбаттауы қантқа (құмшекер) – 87,3%, пиязға – 71,7% және ұнға 36,6% тіркелді. Ал сәбіз бен қызылша бағасы керісінше, 29,6% және 25,2% төмендеді.

Мәселен, бір жылда қымбаттаған азық-түлік:

  • 87,3% қант;
  • 21,9% кондитерлік өнімдер;
  • 71,7% басты пияз;
  • 21,7% пастерленген сүт;
  • 36,6% ұн;
  • 20,5% салқындатылған сусындар;
  • 33,0% макарон өнімдері;
  • 18,3% жаңа піскен жемістер;
  • 31,4% жармалар;
  • 17,9% нан;
  • 28,6% құс еті;
  • 17,0% сары май;
  • 27,4% тоқаш және ұн өнімдері;
  • 16,7% шұжық өнімдері;
  • 26,7% қатты ірімшік;
  • 16,5% жылқы еті;
  • 24,6% минералды және ас су;
  • 14,8% темекі өнімдері;
  • 24,5% қышқыл сүт өнімдері;
  • 13,7% қой еті;
  • 24,4% кептірілген жемістер мен жаңғақтар;
  • 11,6% күнбағыс майы.

«2022 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы шілдемен салыстырғанда 19,7% өсті. Сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарларға 14,2%, ақылы қызметтерге 9,2% көтерілді», – делінген бюро хабарламасында.

Сондай-ақ Ұлттық сатистика бюросының мәліметінше, биыл шілдеде (2021 жылғы шілдемен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 14,2% қымбаттады. Соның ішінде жеке қолданысқа арналған тауарлар – 26,3%, жуу және тазалау заттары – 23,5%, тұрмыс құралдары – 22,6%, құрылыс материалдары – 20,5%, жиһаз және үйге қажетті заттар – 19,1%, автомобильдер– 15,2%, ыдыс – 14,8%, тоқыма бұйымдары – 11,5%, фармацевтикалық өнімдер 9,7% қымбаттады.

Бір жылда ақылы қызметтер бағасы 9,2% өсті. Мысалы, кешенді демалу ұйымдарына – 19,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 16,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 15%, санаторий қызметтеріне – 14,1%, шаштараз және жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13%, қонақүй қызметтеріне 5,9% өсті. Жолаушылар көлігінде ақы 5,5% көтерілді. Бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтердің қымбаттауы да, төмендеуі де байқалады.

«Былтырғы шілдемен салыстырғанда өткен шілдеде электр қуатының құны – 2,4%, қоқыс шығару, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 1,8% жоғарылады. Ал орталықтан жылу беру қызметіне тариф 2,3%, ыстық суға 1,3%, суды бұру үшін 0,5% төмендеді», – дейді ол.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлік қызметті реттеу туралы ВАК отырысын өткізді

11.01.2023

460 мың доллар: Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты пара беруге итермеледі деген күдікпен ұсталды

03.07.2023

Райымбек Баталов ШОБ-ты қаржылай емес қолдауды жалғастыруды ұсынды

27.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа