“Қаңтар оқиғасы” бойынша сот ісі жүріп жатқан Алматы және Жетісу облысы Полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаев елден қашып кетті, деп хабарлайды kazbusiness.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.
“Қаңтар оқиғасына байланысты сот ісі жүріп жатқан Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев елден қашып кетті. Оған үкім бір айдан астам уақыт бұрын жариялануы керек еді, бірақ сот белгісіз себептермен уақытты кейінге шегерген. Ал Күдебаевтың өзі жүрек ауруына шалдыққан болып ауруханаға жатты”, – делінген басылым хабарламасында.
Басылым хабаралауынша, осылайша Күдебаев қашуға дайындалған болуы мүмкін. Өйткені ешқайда кетпеу туралы жазылым мерзімі аяқталғаннан кейін ол Қырғызстан шекарасынан кедергісіз өтіп, сол жерден Өзбекстанға және ол аймақтан чартерлік рейспен Қазақстанмен экстрадициялау туралы келісімі жоқ Солтүстік Кипрге ұшып кете алды.
“Мүмкін, Күдебаев қазір Бауыржан Байбекпен бірге виллада шай ішіп жатқан шығар. Ол да сол жерде тұра алады. Астанада бұл мәселе бойынша шу шықты, әлдекімдер Күдебаевтың қашуына жауап беруі керек”, – делінген хабарламада.
Айта кеткен жөн, Күдебаевтың соты 5 қаңтарда басталған. Прокуратура оны тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
10 наурыз күні Күдебаев сот шешімі шыққанға дейін ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды, сондықтан отырыс кейінге қалдырылған. Ал 27 наурызда ҚазТАГ Күдебаевтың соты төртінші рет кейінге қалдырылғанын хабарлады.
30 наурызда Алматы және Жетісу облыс Полиция департаменттерінің (ПД) бұрынғы бастығы Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлеп әкелетіні хабарланды.