No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласында 30 мың адам жұмыс істейді

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 6%-ға артып, 178 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

20.02.2023
Жаңалықтар
45
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласында 30 мың адам жұмыс істейді. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткізілген жиында ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің Жеңіл өнеркәсіп басқармасының басшысы Айжан Әділова айтып берді. Аталған саланы дамыту мәселелеріне арналған іс-шараға мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың және отандық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында ведомство өкілі былтырғы көрсеткіштерге тоқталып,  алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы хабардар етті.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 6%-ға артып, 178 млрд теңгеге жетті. Айталық, тоқыма бұйымдарының өндірісі 5,3%-ға, киім өндірісі 7,8%-ға, сондай-ақ былғары және онымен байланысты өнімдердің көлемі 3,7%-ға өскен», – деді А.Әділова.

Сонымен қатар басқосуда мақта, жүн, тері және былғарыны өңдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек отандық брендтерді ынталандыру бойынша ұсыныстар қарастырылды.

«Анықталған табысты бағыттар мемлекеттік шығынды азайтып, бірақ сала өндірісіне айтарлықтай әсер ететін киім өндірісінің сегменттерін дамытудың мүмкіндігін көрсетіп отыр. Осыған орай шетелде отандық мамандарды оқытуға субсидия беру және еліміздің брендтерінің мемлекеттік деңгейде ақпараттық сүйемелдеуін қамтамасыз ету мәселесін пысықтау қажет», – деді Жеңіл өнеркәсіп басқармасының басшысы.

Айта кеткен жөн, қазір Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласы бағытында жұмыс істейтін 1 420 кәсіпорын тіркеліп, шамамен 30 мың адам еңбек етеді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қарағанды облысындағы зауыттан алғаш рет автокөлік шинасы шығарылды

14.12.2022

Елімізде жыл басынан бері 45 адам суға батып кетті

06.06.2023

Бас прокуратура: Күдебаев Түркияда қалмақ болған

30.04.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа