No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласында 30 мың адам жұмыс істейді

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 6%-ға артып, 178 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

20.02.2023
Жаңалықтар
43
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласында 30 мың адам жұмыс істейді. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткізілген жиында ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің Жеңіл өнеркәсіп басқармасының басшысы Айжан Әділова айтып берді. Аталған саланы дамыту мәселелеріне арналған іс-шараға мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың және отандық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында ведомство өкілі былтырғы көрсеткіштерге тоқталып,  алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы хабардар етті.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 6%-ға артып, 178 млрд теңгеге жетті. Айталық, тоқыма бұйымдарының өндірісі 5,3%-ға, киім өндірісі 7,8%-ға, сондай-ақ былғары және онымен байланысты өнімдердің көлемі 3,7%-ға өскен», — деді А.Әділова.

Сонымен қатар басқосуда мақта, жүн, тері және былғарыны өңдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек отандық брендтерді ынталандыру бойынша ұсыныстар қарастырылды.

«Анықталған табысты бағыттар мемлекеттік шығынды азайтып, бірақ сала өндірісіне айтарлықтай әсер ететін киім өндірісінің сегменттерін дамытудың мүмкіндігін көрсетіп отыр. Осыған орай шетелде отандық мамандарды оқытуға субсидия беру және еліміздің брендтерінің мемлекеттік деңгейде ақпараттық сүйемелдеуін қамтамасыз ету мәселесін пысықтау қажет», — деді Жеңіл өнеркәсіп басқармасының басшысы.

Айта кеткен жөн, қазір Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласы бағытында жұмыс істейтін 1 420 кәсіпорын тіркеліп, шамамен 30 мың адам еңбек етеді.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Ұн бір жылда 41 пайызға қымбаттаған: сарапшылар пікірі қандай?

29.09.2022

«АрселорМиттал» компаниясы Қазақстанға 1 млрд доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр

06.09.2022

Қазақстанның тауар айналымы 40,7% құрайды

19.07.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа