No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандағы 18 мыңнан астам кәсіпорын E-HR жүйесіне қосылған

Қазақстанда 18 мыңнан астам кәсіпорын E-HR жүйесіне қосылған. Бұл турал|ы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтынан белгілі болды. Ондағы мәдліметтерге қарағанда, өткен жылы елімізде электрондық еңбек келісімшарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды.

19.11.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Жүйеде тіркелген сұранысқа ие мамандықтар тізіміне балабақша тәрбиешісі, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, медбике (мейіргер), санитар, қарауыл кіреді. Бүгінгі күні E-HR қызметіне 18 389 кәсіпорын қосылып, 792 731 келісім-шарт тіркелген. Тіркелген еңбек келісімшарттарының ішінде бастауыш сынып мұғалімі кәсібі алдыңғы қатарда – 41 мыңнан астам келісімшарт. Ұйымдарды E-HR қызметіне тарту жұмыстары әлі де жалғасуда.

«Біз үшін жүйеде жұмыс берушілердің еңбек шарттарын мейлінше көп тіркеуі маңызды. Өйткені, бұл өздері үшін де, құжаттар жинауда көп уақытты үнемдейтін қызметкерлер үшін де ыңғайлы. Сонымен қатар, жүйеде еңбек шартының болуы оларды ықтимал әлеуметтік қатерлерден қорғайды. Жүйе электрондық құжат айналымына көшуге ықпал ететіндіктен жұмыс берушілер шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік алады», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Оның сөзінше, жұмысқа қабылдау тарихы еңбек келісімшарттары туралы тіркелген мәліметтер негізінде автоматты түрде жасалады, қызметкердің жалақысы жүйеде тіркелмейді. Өтініш берушінің жеке мәліметтеріне жұмыс беруші тарап оның келісімін алғаннан кейін қол жеткізе алады.

Бұдан басқа, қызметкерлерді іріктеу 2020 жылдың басынан бастап қолжетімді болатын қызметкердің жеке ісін қалыптастыру сервисінің арқасында анағұрлым сапалы болады. Қызметкердің еңбек өтілі мен оның еңбек кітапшасының электрондық форматта көрсетілуі зейнетақыны белсенді түрде тағайындауға мүмкіндік береді.

Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен әзірленіп, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында енгізілгенін айта кету керек.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Таиландта комаға түскен қазақстандық көз жұмды

05.06.2023

Сұхбаттасу кезінде көңіл бөлетін 5 нәрсе қандай?

14.12.2022
фото: ашық дереккөз

Каспий жағалауында тағы да қамыс өртеніп жатыр

07.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа