No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандағы 40 пайыз түлек өз мамандығы бойынша жұмыс жасамайды

Respublica партиясының депутаттары оқушыларды кәсіптік бағдарлау мәселесін сынға алды.

15.05.2023
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанда жоғары білім алған жас мамандардың 40 пайыздан астамы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұл туралы депутат Динара Наумова үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында айтты.

“Бұл ел экономикасына кері әсерін тигізеді. Мемлекет бір студенттің білім алуына қыруар қаржы жұмсайды, ақша игеріледі, бірақ соңында түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемей, басқа салаға кетеді де, елде маманға деген сұраныс қала береді. Түлектің өзі үшін бұл жақсы болуы мүмкін. Басқа салада өз орнын тапты. Бірақ бұл ел бюджетіне кері әсер етеді”, – деді депутат.

Динара Наумованың айтуынша, 2022 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайызды құраған. Бұл 2021 жылғы көрсеткішпен бірдей. Ал “Атамекен” ҰКП сауалнамасына сәйкес, Қазақстанда кадрларды аса қажет ететін салалардың қатарында сауда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, білім беру, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және балық шаруашылығы бар. Белгіленген 134 мыңнан астам тапшы кадрлардың жартысына жуығында жұмыс істеу үшін кәсіптік білімі жеткілікті. Ал төрттен бірінен астамына білімсіз де жұмысқа орналасуға болады. Тек әрбір бесінші бос орын міндетті жоғары білімді талап етеді.

“Көптеген елдің тәжірибесі білім беру жүйесінің барлық деңгейінде сапалы кәсіптік бағдар беру қызметін көрсету мемлекеттің ажырамас функцияларының бірі екенін көрсетті. Өкінішке қарай, елімізде кәсіптік бағдар беру қызметін реттейтін бірыңғай ереженің болмауы бірқатар келеңсіз фактордың туындауына әкеліп соқты. Бүгінгі таңда бұл бағытта мүдделі басқармалар, құрылымдық бөлімшелер, компаниялар ғана өз көзқарасына сүйене отырып жұмыс жасап жатыр. Бірыңғай келісілген стратегия жоқ“, – деді Динара Наумова.

Осы ретте депутат Қазақстандағы білім беру, жұмыспен қамту және экономика салаларындағы жағдай мен қажеттіліктерді ескере отырып, кәсіптік бағдар беру жүйесін неғұрлым тиімді және іске асыруға қолайлы ретінде реформалауды ұсынды. Атап айтқанда:

  • Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру саласындағы жұмысты реттейтін заңнамалық қамтамасыз етуді енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • Бірыңғай ұлттық кәсіптік бағдар беру орталығын құру;
  • Кәсіптік бағдар беру шараларына еңбек нарығының барлық өкілдерін тарту мүмкіндігін қарастыру;
  • Экономикалық талдау мен болжауды, сонымен қатар жүйелік бақылауды толық қамтамасыз ету.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Бизнеске қандай жануарларды асырау тиімді?

26.12.2022

Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

25.05.2023

Тауарлы-сүт фермаларына арзан несие беріледі – форум

01.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа