No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаскелеңде әжетхана қағазын шығаратын зауыт бар

16.06.2023
Жаңалықтар
156
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Kazbusiness club мүшелерінің өндіріс орындары мен кәсіпкерлік нысандарға сапары жалғасуда. Бұл жолы клуб мүшелері Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында орналасқан тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық қағаз бұйымдарын өндіретін ШК «Компания Маолин» ЖШС кәсіпорнына барды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Кәсіпорын дәретхана қағазын, майлықтарды, қағаз сүлгілерді шығаратын алғашқы өндірушілердің бірі. Зауыттың бір жылда ішінде 10-15 мың тоннаға дейін макулатура өңдеп, 31 миллионнан астам дайын өнім шығаруға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда өндіріс орнында 140 жұмысшы еңбек етуде. Олардың орташа жалақысы 160 мың теңгені құрайды.

ЖШС 1995 жылы құрылып, 2009 жылы Қаскелең қаласында өндіріс зауыты іске қосылған. Алматы, Астана және Шымкент қалаларында сату бөлімдері бар. Компания басшылығының айтуынша, «Маолин» елдегі санитарлық мақсаттағы қағаз өнімдерін шығаратын жетекші өндіруші саналып, нарықтағы сұраныстың 60%-ына ие. Сондай-ақ компания өнімдері шетелге де экспортталады. Оның ішінде Қырғызстан мен Ресейге.

Зауыт жылына 6000 тонна дайын өнім шығарып, заманауи құрал-жабдықтардың арқасында жоғары әрі сапалы қағаз өнімдерін шығаруға мүмкіндік беруде. Зауыттағы өндіріс макулатура өңделетін бөлім, қағазды тазалау бөлімі, дайындау аймағы секілді бірнеше аймақтан тұрады.

Компания басшылығы Kazbusiness club мүшелеріне зауытты аралатып, өндіріс жұмысымен таныстырған соң, іс-шара аяғында дөңгелек үстелде кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді. Өндіріс директоры Лайық Бахыттың еңбек жолы қатысушыларды сүйісіндірді. Ол зауытқа 2008 жылы жүргізуші болып келіп, сатылай жоғарылап, бүгінде зауыт басшысы қызметіне дейін жеткен.

Зауыт өкілдерінің сөзінше, алдағы уақытта «Маолин» ЖШС-ның өзге қалаларда сату бөлімдерін ашу жоспарланып отыр.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Депутат: “Бізде қай әкімнің қандай бизнесі бар екенін бүкіл Қазақстан біледі”

24.04.2023

“Қазақстан Азиядағы ең жалқау мемлекет”: Әлеужелі

28.06.2023

Қазақстандықтар VIP нөмір үшін 6 млрд теңге жұмсаған

16.02.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа