No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық банктегі салымдар бір айда 4 пайызға ұлғайды

16.11.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

2022 жылдың 1 қазанындағы есеп бойынша қазақстандық банктердегі салымдар бір айда 4,1%-ға, 29,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жылдық өсім – 17,3%. Жеке тұлғалардың салымдары – 14,68 трлн теңге, корпоративтік салымдар – 14,73 трлн теңге, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпараттық порталы ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздегі ірі екінші деңгейлі банктер арасында айлық өсім бойынша «Bank RBK» көш бастады (+11%, 1,3 трлн теңгеге дейін). Жылдық өсім – 55,4%. Бұл сектордағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі екенін айта кету керек. «Bank RBK»-де қыркүйек айының басында да осындай жоғары көрсеткіштер байқалды.

Банк портфелінің 69,2%-ы корпоративтік салымдардан (868,2 млрд теңге), 30,8%-ы бөлшек депозиттерден (386,5 млрд теңге) тұрады. Қаржы институтында қаражатты бір уақытта төрт валютада (теңге, АҚШ доллар, рубль, еуро) сақтауға мүмкіндік беретін жоғары ставкалары бар мультивалюталық бөлшек депозиттердің кең желісі бар. Оған Safe (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 16% дейін) және Depositum (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 15,5% дейін) депозиттері жатады.

Bank RBK осы айда несие портфелінің өсімі бойынша да көш бастап тұр.

Ай сайынғы өсім бойынша екінші орында «Eurasian Bank» орналасты (11%-ға, 1,7 трлн теңгеге дейін). Жылдық өсім – 48,5%. Банк бір ай бұрын өсім бойынша үздік үштіктің қатарында болған. Қаржы институтының жиынтық депозиттік портфелінің 58,8%-ын бизнес салымдары, 41,2%-ын бөлшек салымдар құрайды. Үздік үштікке «Ситибанк» кіреді (10,2%, 1,2 трлн теңгеге дейін). Жылдық өсім – 31,3%.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

20 жыл бұрын елге оралған қандасымыз табысқа жету құпиясымен бөлісті

03.11.2022

29 тамыз: валюта бағамы қандай?

29.08.2022

Елімізде қанша зейнеткер жұмыс істеп жүр?

18.02.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа