No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық студенттер Amazon компаниясында жұмыс істей алады

10.03.2023
Жаңалықтар
52
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Қазақстандық студенттер Amazon корпорациясының ауқымды халықаралық жобасымен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. OpenSearch Amazon жобасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Amazon компаниясы арасындағы меморандум аясында жүзеге асады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

2022 жылдың соңында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Amazon компаниясы арасында Жоғары білім беру саласындағы перспективалық ынтымақтастық, студенттердің оқу процесінде инновацияларды енгізу және мансабын бастау үшін қажетті дағдыларды игеру мүмкіндіктерін кеңейту туралы Меморандумға қол қойылған болатын.
Екі жақты келісім аясында Қазақстанда College Contributor initiative пилоттық бағдарламасы іске қосылды. Енді еліміздің ЖОО студенттері Amazon компаниясының халықаралық аудиториясы арасында бірінші болып OpenSearch Amazon ашық бастапқы коды бар жобамен жұмыс істеуге қатысады.
Еліміздегі техникалық университеттерде оқитын 100-ден астам үздік студент Amazon корпорациясының алдыңғы қатарлы жобасына тікелей қатысуға мүмкіндік алады. Ақпараттық технологиялар мамандығында білім алатын қазақстандық студенттер үш ай бойы Amazon компаниясы мамандарының жетекшілігімен OpenSearch бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, деректер репозиторийлерінің кең бағыты бойынша бастапқы кодқа өзгерістер мен жақсартулар енгізеді.
Бағдарлама студенттердің өз портфолиосына халықаралық жобаларда жұмыс істеу бойынша трек рекордын (басқару нәтижелерін) жасауға, Amazon компаниясының мамандарымен тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
OpenSearch жобасы аясында студенттерге өз жұмыстарына толық талдау түріндегі есеп беріледі. Сондай-ақ, корпорация тәлімгерлерінен ұсынымдар мен пікірлер тыңдап, болашақта Amazon компаниясында тағылымдамадан өтуге, тіпті жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.
Бұдан бөлек, Amazon компаниясы OpenSearch Amazon пилоттық жобасын Қазақстанда іске асыру арқылы басқа елдерден студенттер тартып, өрісін кеңейтуге ниетті.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Сүт өнімдерін экспорттау: мемлекетаралық стандарт дайындау жоспарлануда

31.08.2022

Жинаған ақшаңызды қалай сақтандыруға болады?

23.01.2023

Шетелде демалыс кезінде ақша үнемдеу жолдары

27.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа