No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтар YouTube-ті жарнамасыз көре алады

13.03.2023
Жаңалықтар
119
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин биыл қазақстандықтар үшін YouTube Premium іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

“YouTube өкілдері биылғы жылы Қазақстанда YouTube Premium іске қосылатынын ресми түрде жариялады. Бұл біздің нарықтың ірі технологиялық компаниялар үшін барынша тартымды болып келе жатқанының көрсеткіші.
Premium-ге өту мүмкіндігі біздің елде бұрын қол жетімді болмаған YouTube сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Premium-аккаунт иелері видеоларды жарнамасыз көре алады және оларды жүктеп алып, Интернетсіз де қарай алады және т. б. мүмкіншіліктер бар”, — деп Б.Мусин әлеуметтік желіде бөлісті.

Айта кеткен жөн, әзірге елімізде YouTube Premium қызметін қолдануға мүмкіндік жоқ.

Бағдат Мусин АҚШ-тың Кремний алқабында

YouTube Premium — бұл көрермендерге платформада жаңа мүмкіндіктер беретін ақылы жазылым.

Бұл қызметтің 4 түрі бар:

  • сынап көру немесе сынақ
  • жеке
  • отбасылық
  • студенттік

Сынақ

YouTube premium және Music Premium-ді сынап көру жазылым бойынша 1 ай қолдануға болады. Дегенмен, 12 ай ішінде сынақ жазылымын тек бір рет рәсімдеуге мүмкіндік бар.

Студенттік

Студенттік жазылымды қолдану үшін пайдаланушы ЖОО-да оқу, сонымен қатар жоғары оқу орнын SheerID-да мақұлданаған болуы керек. Егер барлық талаптар орындалса, желіні қолданушы  жазылымды төлеген кезде жеңілдікті пайдалана аласыз. Алайда жыл сайын студент өзінің студенттік мәртебесін растап отыруы қажет.

Отбасылық

YouTube Premium немесе YouTube Music Premium-ді отбасы мүшелерімен бірге пайдалануға болады. Ол үшін Google-да отбасылық топ құру қажет болады. Барлығы отбасылық жазылымға ең көбі 5 адам қатыса алады. Алайда ескеретін бірнеше маңызды жайттар бар. Отбасылық жазылымға қатысушылар бір мекен-жайда тұру қажет. Сондай-ақ, бір топтан екінші топқа 12 айда бір рет қана ауысуға болады Тағы бір ескерерлігі — отбасы тобындағы пайдаланушылардың аты, фотосуреттері және электрондық пошта мекенжайлары оның барлық мүшелеріне қолжетімді болады.

 

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Несие төленбесе, банк жалақының қанша пайызын ұстап қалады?

31.10.2022

Алматыда ірі базар мемлекетке қайтарылады

18.07.2022

Құс шаруашылығын дамытып отырған Зару

04.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа