No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтардың 60%-на ипотекалық бағдарламалар қолжетімді емес

Қазақстанда төрт жарым миллион қазақстандық пәтерге қол жеткізе алмауда. Алдағы 7-8 жылда олардың саны он миллионнан асады, деп хабарлайды kazbusiness.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

08.12.2022
Жаңалықтар, Әлеумет
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстан құрылысшылар одағы өкілдерінің айтуынша, халықты тұрғын үймен қамту күн өткен сайын қиындап барады. Өйткені, баспананың да, құрылысқа қажетті материалдардың да бағасы шарықтап кеткен. Олар үкіметке халыққа жеңілдетілген ипотека беруді қолға алуды ұсынды.

Құрылысшылар одағаның төрағасы құрылыстың бір жылдың ішінде 46-50%-ға қымбаттап, ал еңбекақы небәрі 26 %ға ғана өскенін тілге тиек етті. Әрі баспанаға мұқтаж қазақстандықтардың 60%-ы бірде бір ипотекалық бағдарламамен үй ала алмайды. Себебі бұл тізімдегі адамдардың көбінің кредиттік тарихы бұзылған және ипотека алу талаптары тиімсіз. Көпшілігі ипотеканың алғашқы жарнасын жинай алмайды.

Жыл өткен сайын баспананың әрбір шаршы метрінің бағасы өсіп жатыр. Сондықтан мамандар мемлекет нақты бағдарлама қабылдап, халыққа жеңілдетілген ипотека беруді қолға алу керек деген пікірде. Олар халықтың әл-ауқаты төмендеп жатқанына ашынады. Одақ төрағасы үкімет мүшелерін ашық диалогқа шақырды.

“Мүмкін біз бұл мәселені терең түсінбейтін шығармыз. Сол үшін кездесейік. Бір-бірімізбен ақылдасып, бір шешімге келу керек. Осының арқасында өзіміздің мұқтаж азаматтарымызға көмектеміз. Ауылдан келгендер, өндірісте істеп жатқандар, қара жұмыстағылар, құрылыста істейтіндер бірде-бір бағдарламаға ілікпейді”, – деді Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.

Құрылысшылар баспана мәселесін шешу үшін 7-20-25 бағдарламасын тоқтатпай, ары қарай жалғастыруды өтінді. Отандық құрылыс материалдарын шығару үшін нақты бағдарламалар қабылдаған жөн деп есептейді.

Сондай-ақ, өңір-өңірдегі инфрақұрылымды дамыту да күн тәртібінен түспеу тиіс. Өйткені жеріміз кең болса да, кей жерлерде инфрақұрылым дамымағандықтан, компаниялар баспаналарды тек орталықта ғана салуды жөн көреді.

Құрылысшылардың сөзінше, баспана бағасының өсуіне сырттан тасымалданатын материалдардың қымбаттауы әсер етті. Қазақстанға құрылыс материалдарының 60%-ы шетелден келеді. Оның 40%-ы тікелей Ресейден әкелінсе, қалғаны Германия, Түркия, Иран, Қытай сияқты елдерден жеткізіледі.

Бетон, тас, құм, кірпіш шығаратын отандық компаниялардың өнімі еліміздің барлық өңіріне жетпейді.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Еліміздегі 60 кәсіпорын жұмысшыларға жалақы төлемей келген

21.10.2022

Қазақстанда қай елдің азаматтары кәсіп бастай алады?

05.08.2022

Жамбылдық өнеркәсіп кәсіпорындары 390,7 млрд теңгенің өнімін өндірді

08.08.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа