No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның 153 кәсіпорнында төтебақылау енгізілді

Республиканың 153 кәсіпорнында қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша төте бақылау енгізілді, деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті.

16.11.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдың 2025 жылға дейінгі жоспарына сәйкес, Қазақстанда келісімшарттық қатынастар шеңберінде тапсырыс берушіден мердігерге дейін кәсіпорындарда төте бақылауды енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты ҚР Еңбек кодексіне 2022 жылы бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, құрылыс алаңында еңбекті қорғау талаптарының сақталуын жалпы үйлестіруді жұмысты ұйымдастырушы – бас мердігер жүзеге асыратын қағидат белгіленген. Ал ҚР ЕК 184-бабының 6-тармағына сай, егер құрылыс алаңына бір мезгілде бірнеше ұйым тартылса, онда бас мердігер олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтауы жөніндегі жұмыстарды жалпы үйлестірумен де айналысады. Бұл ретте мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың құрылыс алаңында қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. Бүгінгі таңда республиканың Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, “Қазхром” ТҰК” АҚ, “Теңізшевройл” ЖШС және тағы басқа кәсіпорындарында төте бақылау енгізілді. Жергілікті еңбек инспекциялары қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің аумақтық бірлестіктеріне, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларына, ірі құрылыс ұйымдарына төте бақылауды енгізу бойынша ұсынымдар жолдаған. Естеріңізге сала кетейік, статистикаға сәйкес, мемлекеттік бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың 30%-дан астамы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне тиесілі.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“ҚазМұнайГаз” халыққа акцияларының 5 пайызын сататын болды

15.11.2022

“Халықтың Төреші деген ұғымды тоқтату керек”: заңгер әншінің үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті

16.06.2023

“Қазақстандағы өнеркәсіптің 90 пайызы өзгелерге тиесілі”: “ГОК” фильмінің тұсаукесері өтті

27.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа