No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның 153 кәсіпорнында төтебақылау енгізілді

Республиканың 153 кәсіпорнында қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша төте бақылау енгізілді, деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті.

16.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдың 2025 жылға дейінгі жоспарына сәйкес, Қазақстанда келісімшарттық қатынастар шеңберінде тапсырыс берушіден мердігерге дейін кәсіпорындарда төте бақылауды енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты ҚР Еңбек кодексіне 2022 жылы бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, құрылыс алаңында еңбекті қорғау талаптарының сақталуын жалпы үйлестіруді жұмысты ұйымдастырушы — бас мердігер жүзеге асыратын қағидат белгіленген. Ал ҚР ЕК 184-бабының 6-тармағына сай, егер құрылыс алаңына бір мезгілде бірнеше ұйым тартылса, онда бас мердігер олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтауы жөніндегі жұмыстарды жалпы үйлестірумен де айналысады. Бұл ретте мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың құрылыс алаңында қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. Бүгінгі таңда республиканың Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС және тағы басқа кәсіпорындарында төте бақылау енгізілді. Жергілікті еңбек инспекциялары қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің аумақтық бірлестіктеріне, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларына, ірі құрылыс ұйымдарына төте бақылауды енгізу бойынша ұсынымдар жолдаған. Естеріңізге сала кетейік, статистикаға сәйкес, мемлекеттік бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың 30%-дан астамы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне тиесілі.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Кәсіпкерлерді тексеру 7 есеге дейін қысқарады

29.09.2022

Келер жылы ең құнды активтер шикізат тауарлары болмақ

16.12.2022

23.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа