Байқау «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша өтеді.
Бұл жылғы көрмеде ел назарына «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауларда жеңіске жеткен 153 компанияның тауарлары ұсынылатын болады.
«Астананың тұрғындары мен қонақтары Қазақстанда жасалған тауарларды көріп, сатып ала алады. Республикалық көрмеге елдің түкпір-түкпірінен келген тауарлардың барлығы өндіруші ұсынған бағада сатылады. Көрмеде өндірушілер ұсынған сыйлықтар ұтысы өтіп, флористика және киіз басудан шеберлік сабақтары ұйымдастырылады», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП сарапшылары.
Көрме аясында кәсіпкерлер іскерлік байланыстарды нығайтып, пікір алмасып, В2В келіссөздерін жүргізе алады.
Көрме-байқау 2022 жылдың 8 қазанында Астана қаласы Мәңгілік ел даңғылы 53/1 «ЕХРО» халықаралық көрме орталығында өтеді.
Көрме сағат 10:00-18:00 аралағында жұмыс істейтін болады.