No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның жаңа саяси картасын дайындауға 56 миллион теңге жұмсалды

19.05.2023
Жаңалықтар
20
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанның жаңа картасы дайындалды. Бұл әкімшілік-саяси құжатты дайындауға бюджеттен 56 миллион теңге жұмсалған, деп хабарлайды Kusbusiness.kz.

Елдің жаңа картасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі таныстырды. Жоба Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда жаңа облыстар құру туралы Жарлығын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылған.

2022 жылдың 3 мамырында республикада Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары құрылды. Осылайша, ұсынылған Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының жаңа шекараларын, сондай-ақ елдің жаңадан құрылған облыстарының орналасуын көрсетеді. Сонымен қатар, ведомство Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының тақырыптық карталарын және сонымен бірге, олардың облыс орталықтарының жоспар-схемаларын қамтыған.

Осылайша, министрлік республикалық бюджеттен бөлінген 56 миллион теңгеге:

–  Масштабы 1:1 500 000 Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік картасын;

–  Масштабы 1:1 000 000 Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының карталарын жаңартты,  Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының карталарын;

–  Масштабы 1:25 000 Қарағанды, Семей, Өскемен қалаларының жоспар-схемаларын;

– Масштабы 1:10 000 Жезқазған, Қонаев, Талдықорған қалаларының жоспар-схемаларын жасады.

“Іс-шара – Президенттің осы шешімін іске асыру жолындағы тағы бір қадам. Өндірілген картографиялық және геодезиялық материалдар мен деректер мемлекеттік басқаруда, елдің инфрақұрылымын дамытуда, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, навигациялық қызметтер саласында және адам қызметінің басқа да салаларында шешімдер қабылдау кезінде аса маңызды және қажетті геокеңістік негізі болып саналады”, – деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

Жаңа карталар барлық мүдделі мемлекеттік органдарға берілді. Сонымен қатар, карталарға жеке және заңды тұлғалар қол жеткізе алады.

Байланысты Материалдар

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

БЖЗҚ маусым айынан бастап зейнетақы төлемдерін аудару туралы ақпаратты жоққа шығарды

30.05.2023

Премьер-Министр «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС-ға барды.

13.01.2023

Қарадала жерінде «Прима Құс» құс фабрикасы салынуда

13.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа