No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“ҚазМұнайгаздың” бұрынғы басшысы Сауат Мыңбаев қызының тойын Түркияда дүркіретіп өткізді

25.05.2023
Жаңалықтар
16
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанның бұрынғы қаржы министрі, “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы мен “Қазақстан Темір Жолының” экс-басшысы Сауат Мыңбаев жалғыз қызының ұзату тойын Түркияда өткізген. Той кезінде түсірілген суреттер желіде тарады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Ösek–tösek Telegram-арнасының мәліметінше той Измирдегі Теос аралында өткен. 28 жастағы Жансұлу Мыңбаева беделді үндістандық кәсіпкермен отау құрды.

“Шара үнді стилінде өтті, ал кешке еліміздің шенеуніктерінің балалары мен олигархтардың қатысуымен той болды. Шарада Қазақстандық саясаткерлер, соның ішінде Ахметжан Есімов, Иманғали Тасмағамбетов, Қайрат Мами, Бауыржан Байбек, Берік Имашев пен Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер бой көрсеткен”, – деп жазды авторлар.

Чиновник Telegram-арнасы жариялаған суреттерден Сауат Мыңбаевтың арбада отырғанын байқауға болады. 2021 жылы БАҚ беттерінде “Қазақстан Темір Жолы” компаниясын басқарған Сауат Мыңбаевтың омыртқасынан жарақат алғаны туралы ақпарат тараған. Компания өкілдері бұл кезде Мынбаевтың емделіп жатқанын және өміріне қауіп төнбейтінін мәлімдеді.

Сауат Мыңбаев “Қазақстан” құрылыс биржасының президенті, “Казкоммерцбанк” АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, қаржы министрі, президент әкімшілігі басшысының орынбасары, ауыл шаруашылық министрі, “Қазақстан даму банкінің” президенті, вице-премьер, сауда және индустрия министрі, энергетика министрі қызметтерін атқарған.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

“Жеңгетайлар” күніне 2 миллион пайда тапқан

17.03.2023

“Қазақстан халқына” қоры сирек дерті бар 2 балаға дәрі-дәрмек сатып алды

18.02.2023

Алматы облысында «Ауыл Аманаты» жобасына 1 657 өтінім қабылданды

27.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа