ҚазҰУ ректорының ұлын атып өлтірді деген әскериге үкім шықты, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаңтардағы қақтығыста ҚазҰУ ректорының ұлын атып өлтірді деген әскериге сот үкімі шықты. “Қызметін асыра пайдалану” бабымен іс қозғалған Серікбол Мұратханов енді өмірінің 6 жыл 6 айын түрмеде өткізеді. Бірақ сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспейді.
33 жастағы бұрынғы аға сержантқа Алматы гарнизонының әскери сотында үкім кесілді. Судьяның айтуынша, істің ақ-қарасын анықтауға сол сәттегі бейнежазба дәлел. Бұған қоса, көліктен 11 оқ ізі анықталған.
2022 жылдың 11 қаңтарында Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы көз жұмған. Елнар Қансейітов 6 қаңтарда кешке коммендант сағаты басталғанға дейін достарымен үйіне қайтып бара жатқан жолда оққа ұшқан. Ол Назарбаев даңғылымен Сәтпаев көшесінің қиылысында бағдаршамда тоқтап тұрыпты. Сол сәтте әскерилер мінген колоннадан кенеттен көлікке қарай оқ атылған. Алған жарақаттарынан Елнар оқиға орнында тіл тартпай кетті. Жалғыз күдікті ретінде Серікбол Мұратханов 28 қарашада ұсталды. Бүгінде сотталушының туыстары мен адвокаттары үкіммен келіспейтінін айтып, сотқа қарсы апелляцияға шағымданбақ.