No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаев қаласында кәсіпкер саз балшық терапиясының инклюзивті студиясын ашты

14.06.2023
Жаңалықтар, Kazbusiness, Дара кәсіпкер
43
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Соңғы уақытта саз терапиясы ем ретінде кеңінен қолданыла бастады. Өнер терапиясы көмегімен жеке тұлғаны мазалайтын өзекті мәселелер шешімін тауып, эмоционалдық қысым, агрессия төмендейді, дейді мамандар. Қонаев қаласының тұрғыны Ғалия Бәкір инклюзивті саз балшық терапиясының студиясын ашты, деп жазады kazbusiness.kz тілшісі.

Әуел бастан кейіпкеріміз кәсіп ашамын, кәсіпкер боламын деп ойламаған. Не керек, Ғалия Бәкір өзіне хобби ретінде саз балшықтан ыдыс жасауды үйрететін түрлі шеберлік сыныптары мен курстарға қатысты. Осылайша оның қыш ыдыстарды жасауға деген қызығушылығы артқаны соншалық осы саладан кәсіп ашу туралы ойлана бастады. Кейін Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасынан барлық қажетті ақпаратты алып, өзінің “кішкентай сүйікті кәсібін” ашты.

Бір-екі үстел мен бір құмыра дөңгелегі бастаушы кәсіпкер әйелге өзінің шығармашылық әлеуетін іске асыруға көмегін тигізді. Одан бөлек шеберлік сабақтары, тапсырыс бойынша жасалған ыдыстар мен декор элементтері кәсібін одан сайын дамытуға шабыттандырды.

“Бәрі керекті орын табудан басталды. Бұл оңай болған жоқ: қыш шеберханасы жақсы желдетуді, сумен қамтамасыз етуді, кәрізді, 380 Вт желідегі кернеуді (өрт қауіпсіздігі шарттары мен белгілі бір метражды қоса алғанда), барлығы 20-дан астам әртүрлі пункттерді қажет етті. Бақытымызға орай, орын тез табылды”, – деп еске алды Ғалия.

Айта кетейік, қазіргі уақытта бұл қаладағы жалғыз шеберхана. Ал бірегей керамикалық өнімдер аймақта үлкен сұранысқа ие. Командада төрт қызметкер бар: Ғалияның өзі, екі мүсін және қыш жасаушы және бір суретші.

Іскер әйел өзінің сүйікті ісін кәсіпке айналдырып қана қоймай, адамдарға қуаныш сыйлағанына бақыттымын дейді.

“Бұл бизнесте маған ұнайтын барлық нәрсе бар: қызмет көрсету саласы, адамдармен жұмыс, шығармашылық және өзін-өзі көрсетуге арналған қол еңбегі”.

Ғалияның айтуынша, керамика мен қыш ыдыс жасау кейде сырттан маңызды емес, аз күш жұмсауды қажет ететін бизнес ретінде қабылданады. Десе де бұл әсте олай емес.

“Керамика – бұл саздан жасалып, кептірілген және жоғары температурада күйдірілген бұйымдар. Сондықтан бұл – көптеген технологиялық ерекшеліктері бар өте күрделі сала. Бір өнімді жасаудың толық циклі – кем дегенде бес кезең, шамамен бір айға созылады”, – дейді іскер әйел.

Қазір кәсіпкер саз балшық терапиясының инклюзивті студиясын ашқысы келеді. Сондықтан ол Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Палата қызметкерлері Ғалияға 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде инновациялық грант алуға, бизнес-жоспар құруға көмектесті. Ендігі кезекте осы процестің соңғы кезеңіне дейін сүйемелдейді.

“Саз балшық терапиясы өте пайдалы. Бұл, ең алдымен, ұсақ моториканың дамуы. Әрі қарай, ол шығармашылық қиялды ынталандырады, өз сезімдері мен эмоцияларын символдық деңгейде білдіруге үйретеді. Мұндай сабақтар стрессті жеңілдетуге және агрессивтілікті төмендетуге де көмектеседі, – деп қорытындылады бизнесвумен.

 

Байланысты Материалдар

Эксклюзивті |Үлкен банктер крипто әлеміне вентингке кіреді

24.05.2025

Ұлыбританияның сауда сатылымы сәуір айында 1,2% -ға өсті – ұрып-соғу – CNBC

24.05.2025

Инвесторлар АҚШ-тың облигациялар нарығынан бастап Дональд Трамптың саясатына деген қорқыныштан аулақ болады – Financial Times

24.05.2025

Bitcoin ашық қызығушылық танытады, биіктігі жоғары, өйткені BTC слиптері $ 111K – Кокинтелрофа

24.05.2025

Эксклюзивті |Ол «ERAS» турнирі жабылды.Қазір бұл 1 миллиард доллардан асады.- WSJ

22.05.2025

Қор биржасы Бүгінгі: Dow Futures Слип – Тікелей жаңартулар – WSJ

21.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Жетісу жастары” бағдарламасы арқылы кімдер баспаналы бола алады?

14.12.2022

Енді әскерге бармаған азаматтар әскери билет алуға міндеттелмейді

28.07.2023

Жоғары мөлшерлемені сақтап қалу үшін депозитті қалай рәсімдеу керек?

20.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа