No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бүгінгінің жігіттері өз қызметін қыздарға қаншаға сатып жүр?

Бизнестің де түр-түрі бар. Түрленіп кеткені соншама, қазіргі таңда жігіттер тіпті өз ыстық ықыласы мен жомарт пейілін де саудалауға кіріскен. kazbusiness.kz осы тақырыпты зерттеп көрді.

14.02.2023
Жаңалықтар
87
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Әсіресе, мереке қарсаңында бұл «бизнес» тіптен қызып кететін көрінеді. Оған кейбір платформалардағы осы қызмет түрлері жарияланған хабарландырулар айқын дәлел.

Мысалы, Әулие Валентин күні деп аталатын 14 ақпандағы мерекеге орай, «джентельмен» сымақтар қызға жұрттың көзінше гүл сыйлап, құрбыларының ішін күйдіріп, сырт көзге интриганы қыздыру үшін «еңбектене» алатынын жеткізген. Сайтта мұндай бірнеше жарнама жарқырап тұр.

Айталық, Рүстем есімді жігіт бойжеткенді қолтықтап серуендеп қайту үшін 3000 теңге төлеу керектігін жазған. Ал осы қыдырыс кезінде қыз баласы сыйлыққа гүл алғысы келсе, қызмет құны 5000 теңгеден жоғары болмақ.

Ал, Серік есімді сері қыздарға оларды жұрттың көзінше жалғызсыратпауға, басқаларға барынша бақытты қылып көрсетуге тырысатынын жеткізген. Осы кезде 35 жастағы келбетті жігітпен қол ұстасып киноға бару 2000 теңге, әлбетте билетті қыздың өзі сатып алады! Мейрамханаға барса 5000 теңге, әрине, есепшотты қыздың өзі төлейді! Романтикалық «қойылымның» сценарийі бойынша бойжеткен гүл алғысы келсе 10000-ды жігітке қолма-қол санап беруі керек, ал егер гүлді қыз өзі алып келсе, жай ғана сол букетті елдің көзінде сыйлағаны үшін серіміз 2500 теңге «жалақы» алмақ.

Ең қызығы, «ханзаданың» ханшайымның инстаграмдағы парақшасында ғашығы ретінде көрінуі – 15 000 теңге, вип-таксимен оқудан немесе жұмыстан алып кетуі – 15 000 теңге, ал Серіктің қызбен бір тәулік бірге өткізу ақысы – 30 000 теңгеге бағаланған!

Ал өзі туралы оқыған, басы бос азамат екенін жеткізген жомарт жүректі Серік туған күн иелеріне арнайы жеңілдіктер қарастырылғанын да аса мейірімділікпен баяндаған.

Заманына қарай адамы деген осы!

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматы облысы:  такси қызметінің бағасы  28,1%-ға өскен

17.10.2022

Құс фермасын ұйымдастыруда кеңестер

04.01.2023

Ақша санағанды ұнатады

12.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа