Қостанайда жергілікті биліктің қолдауымен KIA корпорациясы KIA автомобильдерін шығаратын зауыт салып, іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы инвестициялық форумда сөз сөйлеген KIA зауытының бас директоры Ким Дэки мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Kia зауытының бас директоры Ким Дэки компанияның Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық маңызды көпір болып табылатын Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық жөніндегі елеулі ниеттері туралы айтты. Сондықтан Қазақстанда осы брендтің алғашқы зауытын салу туралы шешім қабылданды
Құрылысқа жоспарланған зауытта корей брендінің автомобиль өндірісінің толық циклін іске қосу жоспарлануда. Ким Дэкидің айтуынша, жобаны іске асыруға шамамен 200 млн доллар жұмсалады, оның 120 млн жабдық сатып алуға, қалған 80 млн зауыттың құрылысына жұмсалады.
“Құрылыс бойынша алғашқы жұмыстар биыл күзде басталады, ал 2024 жылдың тамызында жабдықтарды орнату жоспарланған. 2025 жылдың маусымына қарай корпорация өндірістің толық циклін іске қосуды жоспарлап отыр”, – деп атап өтті Ким Дэки.