No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қытай Қазақстанда 50-ден астам кәсіпорын салуға мүдделі

2020 жылы Қазақстан Қытайға 9 млрд АҚШ доллары көлемінде экспорт жасаған. Ал 2023 жылға қарай екі ел $24,5 млрд-қа 56 заманауи кәсіпорын салуды жоспарлап отыр. 

19.11.2022
Жаңалықтар
2
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Нақтырақ айтсақ, 1 наурыз күні ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев ҚХР Коммерция вице-министрі Ван Шоувэнмен Қазақстан-Қытай «Қорғас» шекара қызметін үйлестіру жұмысының 2-ші отырысына дайындық бойынша келіссөздер өткізді.

Келссөз барысында вице-министр Қайрат Төребаев Қытай мен Қазақстан 56 кәсіпорын салуды жоспарлап отырғанын және оның құрылысы 2023 жылы аяқталатынын айтты.

— 2005 – 2020 жылдар кезеңінде Қытай инвестицияларының жалпы көлемі $19,2 млрд асты. Сонымен қатар, Қытайға тікелей инвестициялардың жылыстауы $667,2 млн құрады. Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында $24,5 млрд-қа 56 заманауи кәсіпорын салу жоспарлануда. Бұл нысандардың басым бөлігі 2023 жылға қарай аяқталады деп күтілуде, — деді Қайрат Төребаев.

Одан бөлек тараптар «Қорғас» ШЫХО қызметін үйлестіру тетігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі 1-ші отырысының уағдаластықтарын іске асыру барысы туралы мәселелерді қарады. Аталған келісім ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Алматы облысының әкімдігі және «Қорғас» ШЫХО АҚ  негізінде жүзеге асырылады.

Бүгінде «Қорғас» ШЫХО Қазақстан аумағында жалпы сомасы 110,37 млрд теңгеге 29 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Осы мақсатта қазір 24 компания жұмыс істеп жатыр. Қазір олардың текі 1 жобасы ғана іске асқан.12 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Ал, қалған жобалар жобалау сатысында.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Қытаймен жалпы сомасы 28 млрд долларды құрайтын бірлескен 51 нысан салу көзделген. Оның 4-еуі іске қосылды. Сонымен қатар, экс-президент Назарбаев пен Си Цзиньпин арасында «Нұрлы жол» және «Бір белдеу – бір жол» бағдарламалары жасалған.

Ашық дереккөздеріндегі мәліметке сәйкес, 2019 жылы Қазақстанның Қытайға қарызы 11 миллиард доллар болған.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Жетісу облысына тарту: әмбебап тігін фабрикасы іске қосылды

14.06.2022

Сарқандық шаруалар 1,6 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды

07.09.2022

Биыл пітір садақа мөлшері 535 теңге болып белгіленді

17.03.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа