No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қытаймен екіжақты инвестициялық ұсыныстар талқыланды

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяо өз сөзінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасына ерекше назар аударды

09.09.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жетісу облыстық әкімдігінде “ҚР-ҚХР ынтымақтастығы бойынша достық диалог” атты онлайн режимде жиын өтті. Оған қос мемлекеттің Төтенше және өкілетті Елшілері Шахрат Нұрышев пен Чжан Сяо, Шыңжан халық үкіметі төрағасының орынбасары Чэнь Вэйцзюнь және Жетісу, Алматы, Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты, деп хабарлайды kazbusiness.kz сайты облыстық “Жетісу” газетіне сілтеме жасап. 

Басқосуда екіжақты инвестициялық, экономикалық іскерлік қарым-қатынастар талқыланды. Қытай тарапының мақсаты – Шыңжаң автономиялық ауданы мен еліміздің төрт ірі аймағымен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату.

Жиында сөз алған Қазақстанның ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына тоқталды. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяо өз сөзінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасына ерекше назар аударды.

Шара барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев сөз алып, Жетісудың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.

Аймақ басшысының айтуынша, Жетісу облысы әлемнің 99 елімен, соның ішінде, Қытай Халық Республикасымен сауда-саттық бағытындағы әріптестік қатынас орнатқан. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша облыс пен Қытай арасындағы тауар айналымы 720,5 млн.АҚШ долларын құрады.

Экономикалық қатынастарымыздың қазіргі жай-күйі бірлескен жаңа жобаларды іске асыруға кең жол ашады. Мәселен, бүгінгі күні облыс аумағында қытайлық әріптестердің қатысуымен тау-кен өндіру, өңдеу салалары, сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері мен логистика саласында жалпы сомасы 350 млрд. теңгеден асатын 3 инвестициялық жоба сәтті іске асырылуда.

– Өзара әріптестік байланысымызды нығайтуға қадам жасап, бүгінгі кездесуді ұйымдастырып отырғандарыңызға терең ризашылығымды білдіремін. Өңірдің транзиттік әлеуетін арттыру – біздің әріптестік қарым-қатынастарымыздың ең перспективалы бағыттарының бірі. Атап айтқанда, Қазақстан аумағынан, соның ішінде біздің облысымыздан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансконтиненттік автокөлік жолының дәлізі арқылы Қытайдан Еуропаға жүктерді 11 күн ішінде жеткізуге болады, – деді Бейбіт Исабаев. 

Аймақ басшысының айтуынша, бұл сауда-саттық пен жүк легінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан ТМД мен Еуропа елдеріне баратын маңызды маршруттардың қиылысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы орналасқан. Бұл географиялық жағынан өте тиімді. Оған құрғақ порт, жалпы алаңы 5 мың гектарға жуықтайтын логистикалық және индустриялық аймақтар кіреді, олардың 600 гектардан астамы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.

Облыс әкімі Алтынкөл вокзалының әлеуетін де айта келе, Қазақстан аумағы арқылы, оның ішінде Жетісу өңірі арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансконтиненталдық автодәлізі Қытайдан жүктерді жеткізуге үлкен мүмкіндік беретінін еске салды. Сонымен қатар, Алакөл ауданының «Достық» өткізу пунктінің аумағында бірлесіп фито-ветеринариялық зертхана салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Біз шикізат пен құрылыс материалдарының көптеген түрлерін (болат профильдер, темірбетон бұйымдары, мәрмәр түйіршіктері мен ұнтағы, тақтатас (сланец), аккумулятор батареяларын, құрама жем, уыт, крахмал мен балық экспорттауға дайынбыз. Облыс орталығы Талдықорған қаласында агроөнеркәсіптік, құрылыс және өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру үшін өндірістік инвестициялық алаң болып табылатын индустриялық аймақ жұмыс істейді. Бұл облыстың көп мүмкіндіктерінің бір бөлігі ғана», – деген облыс басшысы ынтымақтастықты дамыту үшін Қытай компанияларын өңіріміздің экономикасына инвестиция салуға шақырды.

Жиын соңында Шыңжаң өлкесі мен Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай және Алматы облыстары арасында бауырластық қарым-қатынас орнату ниеті туралы хаттамаға қол қойылды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Антикор кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасын іске қосуда

20.02.2023

Беркшир, Microsoft, Microsoft, Apple, Netflix, Palantir, Tyson, Tyson және одан көп нарыққа арналған графиктер – Баррон

06.05.2025
фото: ашық дереккөз

Қай жерде 700 мыңнан бастап жалақы алуға болады?

17.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа