No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қызылордада күріш бағасы шарықтап кетті

07.06.2023
Жаңалықтар, Әлеумет
24
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы зор азық түрлеріне мониторинг және талдау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Kazbusiness.kz

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев журналист сұрағына жауап берді.

Қызылорда облысы елімізді 90 пайызға күрішпен қамтамасыз етіп келеді. Алайда жыл басында күріш бағасы біршама қымбаттады. Әкім бұл жағдайға түсініктеме берді.

Күрішке қажет техникалардың бағасы да қымбаттап жатыр. Оған жұмсайтын жанар-жағармайдың да, құрал-жабдықтардың да бағасы өсіп жатыр. Оның үстіне, барлық жерде жалақы да көтеріліп жатыр ғой. Мұның барлығы күріш бағасының өсуіне алып келеді, – деді Нәлібаев.

Әкім сондай-ақ күріш бағасын бақылауда ұстап отырғанын жеткізді. Өйткені жыл басында күріш бағасына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген болатын.

6-7 кәсіпорында күріш бағасын негізсіз өсіру дерегі анықталды. Осыған байланысты 100 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Олар алдағы уақытта себепсіз күріш бағасын өсірмейтін болады, – деді әкім.

Нұрлыбек Машбекұлы бір келі күріштің бағасы 400 теңгеден асып кеткенін айтты. Алайда Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, әкім басқа өңірлерге қолдау көрсетіліп, Қызылорда облысындағы кәсіпорындармен келісімшартқа отырғандарға күріш 380 теңгеден босатылып жатқанын жеткізді.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Қарағандыда спорт кешенінің қабырғасы опырылып кетті

02.07.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

1,6 млрд теңге: Қостанай облысында бюджетті жымқырған қылмыстық топ ұсталды

27.07.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа