No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қызылордада қызанақ пастасын шығаратын зауыт салыну жоспарлануда

Құны 13,5 млрд.теңгені құрайтын жоба жылына 24 мың тонна томат пастасын дайындауға мүмкіндігі бар

26.09.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Сыр өңірінде түрік компанияларымен бірлескен жобалар аясы кеңеюде. Екіжақты мүдделестік нәтижесінде аймақта жаңа өндіріс орындары мен нысандар салынбақ, деп хабарлайды kazbusiness.kz Қызылорда облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің шақыртуымен Қызылорда өңіріне Түркияның  KOÇ Holding компаниясының өкілі Өзгур Бурак Ақколь және отандық “Orbis Kazakhstan” компаниясының басшысы Сухраб Әбдіғаппурұлы Махмудов арнайы келді.

Аймақ басшысының іссапарда болуына байланысты кездесуге облыс әкімінің міндетін атқарушы Мархабат Жайымбетов инвесторлармен бірге Жаңақорған ауданында қызанақ пастасын шығаратын зауыт мәселесін талқылады.

Облыс экономикасын әртараптандыру бағытындағы ірі жобаларды индустрияландыру бағдарламасы аясында “Қызылорда – Агроплюс” серіктестігінің томат пастасын өндіру жобасы іске асырылуда.

Қызанақ пастасын шығаратын зауыт салу мақсатында биылғы жылы Жаңақорған ауданында 30 гектар жер телімі белгіленді.

Құны 13,5 млрд.теңгені құрайтын жоба жылына 24 мың тонна томат пастасын дайындауға мүмкіндігі бар. Жобаны қос компания тең көлемде қаржыландырады. Зауыт іске қосылғанда 154 жұмыс орны ашылады. Өндірісті толық  жүзеге асыру 2025 жылға дейін жоспарлануда.

Мархабат Жайымбетов зауыт салу мәселесіне қатысты әкімдік тарапынан қажетті қолдау шаралары жүргізілетінін қаперге салып, бұл жобаның аймақ үшін маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында зауыттың құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында нысанның құрылысына инфрақұрылыммен (сумен, газ, электрмен) жабдықтау жобалық-сметалық құжаттаманы жасау мәселелері талқыланды.

Әлемнің 13 елінде қызанақ өнімін өндірумен айналысатын түрік елінің “KOÇ Holding” компаниясымен бірлесіп, биылғы жылы тәжірибеден өткізу үшін  тамшылатып суару арқылы 10 гектар жерге қызанақ дақылы егілді. Қызанақ егістігіне суармалы су Сырдария өзенінен 2 шақырым жерден су құбырымен насос қондырғылары арқылы қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда қызанақтардың шығымдылығы жақсы.

Мұнан бөлек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі мен “KOÇ Holding” түрік компаниясы және отандық “Orbis Kazakhstan” компаниясының араларында атқарылатын шаралар мен мерзімдері көрсетіліп, төртжақты Жол картасы әзірленіп, бекітілді.

Айту керек, қызанақ пастасын өндіретін зауыт құрылысын келер жылдан бастау жоспарланды.

Еске салайық, биыл түрік инвесторларының қолдауымен республиканың тек екі аймағында ТМД елдерінде теңдесі жоқ заманауи жылу электр орталығының құрылысы салынбақ. Алғашқысы Сыр елінде бастау алып, аймақ жұрты жылу электр орталығының  капсула салу рәсіміне куә болды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алматы кәсіпкерлері ашық алаңдағы базарлар мәселесін шешіп беруді талап етуде

28.09.2022

Сату мақсатында тиімді бизнес қандай?

29.12.2022

Қазақстандықтар үшін мамыр айында қанша демалыс күндері болады?

14.04.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа