No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Қызылшоқы” серіктестігі қант қызылшасын жаңа технологиямен өсіруде

23.11.2022
Жаңалықтар
9
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кербұлақ ауданындағы Жоламан массивінде орналасқан «Қызылшоқы» серіктестігі 300 гектар тәлімі жерге 12 жаңбырлатып суару құрылғысын орнатып, алқапқа қант қызылшасын сеуіп, биыл жақсы өнім алды. Көксу қант зауытына әзірге 11 мың тонна өнім өткізді. Алдағы уақытта ылғал сақтау технологиясы енгізілген жердің көлемін 500 гектарға жеткізбек. Аталған серіктестік пен солтүстікқазақстандық шаруа Давид Адамов Ақсу ауданында қант қызылшасын себуге ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды kazbusiness.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қант қызылшасы дұрыс күтіп-бапталса, ең табысты дақыл екенін қазір шаруалар түсіне бастады. Үлкен серіктестіктер ғана емес, шағын шаруа қожалықтарының өзі тыңғылықты еңбегінің жемісін көріп отыр. Мәселен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сүйенсек, Ақсу ауданындағы «Жақсылық» шаруа қожалығы 30 гектарға қызылша сепкен, соның әр гектарынан 700 центнерден астам өнім алып отыр.

Сол сияқты негізінен мал шаруашылығымен айналысатын Ескелді ауданындағы «Мирас» шаруа қожалығы қызылшаға қызығушылық танытып, биыл 80 гектар отырғызған. Өнім шығымдылығы 500 центнерден айналып, жалпы 4 мың тоннадан астам тәтті түбір жинады. Ал көксулық шағын ғана «Жұлдыз» шаруа қожалығы 20 гектардың әр гектарынан 800 центнерден өнім алыпты.

«Қызылша шығымының жақсы болуы үшін ең алдымен жерді уақытында тыңайтып, дақылды дер кезінде сеуіп, агротехнологиялық талаптарды сақтау керек. Алқапты суару, шөптеу жұмыстары да кезең-кезеңімен атқарылу тиіс. Соның бәрі талапқа сай болса, жер жомарт қой, өнімді үйіп береді», – дейді «Мирас» шаруа қожалығының басшысы Айхан Бимұратов.

Солтүстікқазақстандық шаруа Давид Адамов Жетісу жерінің қант қызылшасын өсіруге қолайлы екенін және мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдаулар жайлы білген соң, осы аймақта тәтті түбірмен айналысуға бел буған. Қазір Ақсу ауданына келіп, келесі жылдың көктемінде дақыл себуге жерді дайындауға кіріскен. Ол осында өзінің қолында бар техниканы түгел әкелмек. Оған қоса қызылша алқабына жаңбырлатып суару құрылғыларын орнатуды жоспарлапты.

Биыл Жетісу облысының жеті аймағында 160 шаруашылық қант қызылшасын сеуіп, өнім алды. Жалпы көлемі 4,3 мың гектар жерден 180 мың тонна тәтті түбір жиналып, шығымы орта есеппен гектарына 418,6 центнерден айналды. Бүгінге дейін Көксу қант зауыты 54 мың тонна өнім өңдеп үлгерді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Ақсу ауданындағы «Әлихан», Ескелді ауданындағы «Романенко В», «Нам», «Дүйсенбинов», «Досанов», Қаратал ауданындағы «Орленок», «Сейд Оғлы Мұстафа», Сарқан ауданындағы «Самал», Талдықорған қаласындағы «Самай» шаруа қожалықтары әр гектардан 600 – 837,8 центнер аралығында өнім алып, жоғары көрсеткішке қол жеткізген. Бұған шаруалардың өз кәсібіне тыңғылықты қарауымен қатар қызылша өсірудің тиімділігін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған тиісті көмектің де ықпалы зор болды.

Мәселен, өткен жылы қызылшаның бір тоннасы зауытқа 22 мың теңгеден қабылданса, биыл бұл сома 30 мың теңгеге арттырылған, соның 15 мың теңгесі зауыттан, 15 мың теңгесі – мемлекет субсидиясы. Енді келесі маусымда бұл баға тоннасына 40 мың теңгеге жеткізілетін болды. Яғни, мемлекет өзі беретін субсидия көлемін тағы  10 теңгеге арттырып отыр.

«Жетісу» ӘКК мен Көксу қант зауыты бірлесе отырып, фьючерстік келісім негізінде шаруашылықтарға жыл сайын шетелдік селекция тұқымын береді. Минералды тыңайтқыштар мен гербицид құнының 50% субсидияланады. Көктемгі-күзгі егіс және жиын-терім кезінде дизель отыны жеңілдікпен бөлінуде.

Мәселен, биыл көктемгі дала жұмыстары үшін Көксу қант зауыты қызылшашыларға әр гектарына 100 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсеткен. Зауыт бүгінде жол шығыны үшін де төлем жасап отыр. Ауданның алыс-жақындығына қарай әр тоннасына 1 мыңнан 5 мың теңгеге дейін төлем қарастырылған. Қазір қант қызылшасына арналған ауыл шаруашылығы техникаларын  субсидиялау  көлемін 25-тен  50 пайызға дейін өсіру туралы бастама қарастырылуда.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ағаш өңдейтін кәсіпорындар ресейлік шикізатты көлікпен тасымалдай алады

11.01.2023

Қазақстанның білім саласында еңбек ететін еркектер қанша?

07.05.2023

Қызылорда облысында 20-дан астам балмұздақтың түрі өндіріледі

23.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа