No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Райымбек Баталов: «Экспорттың артуына көлік тапшылығы кінәлі»

01.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Атамекен» ҰКП төралқа төрағасының Райымбек Баталов Қазақстандағы экспортты тежейтін негізгі факторларды атады. Оның айтуынша, қазіргі кезде отандық тауарларды шетелге шығаруға операциялық және іргелі факторлар әсер етеді.

Операциялық факторларға логистика, көлік тапшылығына байланысты мәселелер жатады. Іргелі факторлар қатарында тауардың өзіндік құнына байланысты мәселелер – шикізат, өнімділік, жабдық, адами капитал мәселелері бар.

Қазақстандық өндірушілер экспорттауда тасымалдау проблемасына жиі тап болады.

Қазіргі кезде экспорттық маршруттық бағыттардағы жылдамдық тәулігіне 200 км-ден аспайды. Ал қалыпты норматив – 550 км.  Демек, жылдамдық екі есе аз. Содан вагондардың айналымы төмендеп, салдарынан вагондар тапшылығы туындайды.

 «Жүктерді Қытайдан Еуропа мен Ресейге транзитпен тасымалдауға басымдық беріледі, бұл жайт отандық тауар өндірушілерді тең емес жағдайға қояды (транзитке тариф экспорттық тарифтен 2,5 есе жоғары). Бұл өзекті мәселе. Сондықтан экспорттаушылар үшін тасымалдауға қатысты мәселелер бірінші кезектегі түйткіл. Осы ретте квазимемлекеттік сектордың экономикалық мүддесі отандық кәсіпкерлерге зиян тигізбеуі тиіс», – деп санайды Райымбек Баталов  Хабар24 арнасына берген сұхбатында.

ҰКП басшысы отандық бизнес теміржолға инвестиция салуға дайын екенін атап өтті.

«Көлік саласында, соның ішінде ҚТЖ-да «станциялық» мәселе көп екенін көріп тұрмыз. Көлік инфрақұрылымын дамыту қажет, соның ішінде «тар тораптарды» кеңейту керек. Қазіргі кезде Транскаспий халықаралық көлік бағыты геосаяси жағдай салдарынан өзекті маршрутқа айналды. Жеке бизнестің көлік инфрақұрылымына, оның ішінде Каспий маңы бағытына инвестиция салуға мүдделілігі бар. Мұның бәрі мемлекеттік қолдауды талап етеді – ұзақ мерзімді келісімшарттар, жеңілдікті тарифтік шарттар, кепілдіктер және өзге де шаралар қажет».

Райымбек Баталовтың айтуынша, «бір жылға емес, кем дегенде бес жылға» бірыңғай тасымалдау ережелерін әзірлеу қажеттілігі туды. Олар ашық әрі тұрақты болады. «Сонда ғана бәрі іске қосылады», – деп санайды ҰКП басшысы.

 

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

2023 жылы депозит сомасынан 10% сыйақыны кімдер ала алады?

28.09.2022

Kazbusiness кеңесі: Кәсіпке баулитын 6 кино

15.10.2022

Алматыда кәсіпкерлер атын жамылып, ақша бопсалағандар ұсталды

04.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа